Жаңалықтар

Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Санат: Ақпарат жоқ
Уақыты: 27.04.2018
Оқылды: 1008 Печать страницы
Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары, қадірменді жерлестер!
Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына айналған 1 мамыр– Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған еліміздің тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Елімізде қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау алдымызда тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық– біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Еліміз егемендігін алғалы бері де достықты, бірлікті, тең құқықты ту етіп келеді. Соның арқасында бүгінде Қазақстан достықтың киелі шаңырағына айналып отыр.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық- ең әуелі Отанымыздың жан-жақты дамуы мен еліміздегі тыныштықтың кепілі. Бұл тұрғыда мемлекетімізді ортақ Отаны мен құтты мекеніне айналдырып отырған 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінде Көксу ауданында бір үйдің баласындай болып әртүрлі ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, достық пен бірлікті ту етіп, ортақ шаңырақтың астында жемісті жұмыстар атқарып келеді.
Тұрақтылық – біздің татулығымыз берік болуы үшін табан тірейтін тұғырымыз. Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз. Жаңару – келер күнге, кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз.
Осы үш ұғым біздің мызғымас мемлекетіміздің тұтастығына тірек болып тұр.
Осы ізгі мереке Қазақстан халқын біріктіре түседі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осыған бағытталған. Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Сол себепті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақты бес әлеуметтік бастамаға жол сілтеді.
Құрметті көксулықтар!
Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негіз бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу үстінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сенімдімін. Ең бастысы достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.