ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ

Жылы жүрек – жомарт қол

Ағымдағы жылы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Балпық ауылдық округінде маусымдық «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жасақшылармен ерікті жастар «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акция Теректі ауылы, Исамберліұлы Есімбай көшесі № 6/3 үй тұрғыны, жалғыз басты қарт Тамаровский Валерий Сергеевичтің үйінде бастау алды. Ол кісі РТС-та және қант зауытында токарь болып жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта В.С. Тамаровский ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде жалғыз басты қарт ретінде тіркеуде тұр. Жастар ауланың шөбін орып, отын жарып, өсіп кеткен ағаштарды шауып, ауланы ретке келтірді. Алдағы уақытта аталмыш акция аудан көлемінде жалғасын табады А.АРТОМОНОВА, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының маманы
Толығырақ... Оқылды: 275 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 18.07.2019

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

Биыл Жастар жылына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет арнайы "Жол картасын" әзірлеген болатын. Негізгі басымдық жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, олардың өз кәсіптерін ашу үшін қолдау шараларын жүйелі түрде жүргізуге беріліп отыр.Жалпы елімізде мемлекет тарапынан жастардың әлемдік деңгейге сай білім алуына, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуына баса назар аударылып келеді. Соның бірі - 2009 жылдан бастау алған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы. Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Еліміз еркіндік алғалы бері, елді дамыту үшін түрлі бағдарламалар орын алып, ғарыштап дамуына қарқынды қадамдар жасалуда. Соны...
Толығырақ... Оқылды: 394 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 17.07.2019

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТАН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЕКІ СӨЗ

Ұлдар, алдымен сөзімді сендерге арнаймын! Менің сендерден өтінерім, арақ ішпеңдер, айналайындар! Арақ - адамзаттың жауы, халықтың дұшпаны. Арақ алдымен талантты адамдарды құртады. Содан соң өзгеге ауыз салады. Талантсызды да жалмап жұта береді. Ендеше, арақ ішпеңдер, бауырларым! «Мен мықтымын» деп оқыраңдай бермеңдер, асып бара жатқан күштерің болса, оны араққа емес, айналадағы адамдарға, ағайын-туыс, адал жарларыңа қамқорлық жасауға жұмсаңдар! Қалқам! Арақты жеңемін деп дәмеленбе! Шарапқа бүйірім шыға бір тояйыншы деп талпынба! Ол ешкімді де тойдырмайды. Су екеш суды да сыздықтатып, сызылта ішсең ғана шөлің қанады. Адам арақ ішпегенінен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенінен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі - мәнсіз. Адамның өмірі онсыз да қысқа, ендеше, аз ғұмырды ардақтап, шамаң келгенше мағыналы етіп өткізгенге не жетсін! Жігіттер! Жандарыңда жүрген қыздарды құрметтеңдер. Қыз – болашақтың анасы....
Толығырақ... Оқылды: 224 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 12.07.2019

ЖАСТЫҚ ШАҚТА ЖАЛЫНДА

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін Алланың нығметі болса, ең қымбаты – жастық шақ. Әр адам жалындап, тынымсыз еңбек етіп, өмірінің негізін қалайтын уақыт бұл. «Не ексең – соны орасың». Қазіргі жастар жалындаған жастық шақтың өтпелі екенін санасына мықтап түйіп, оның әр минутын орынды пайдаланса құба-құп. Осы мәселені қаузап көрелік… Жастық шақ – адам өмірінде күннің көтеріліп келе жатқан шуағы тәрізді. Ол таң сәресіндегі күннің сәулесі сияқты, келешекке мақсат қойған, сол арманына жету үшін бойы шабытқа толы, адам ойлау сезімінің толықсыған кезеңі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол туралы: «Қиямет күні әрбір құлдан төрт нәрсе сұралмайынша ол тұрған орнынан қозғалмайды. Бірінші, ол өмірін қалай өткізді? Екінші, жас күнгі күш-қайратын қайда жұмсады? Үшінші, ол білген білімінің қайсысына амал қылды? Төртінші, ол несібесін қалай тапты және қайда жұмсады?» – деген хадисі бар. Бұл хадис те жастық шақтың қымбаттыған аңғартып тұр...
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.05.2019

Жарқын болашақ жастардың қолында

Елбасымыз халыққа Жолдауында: біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр, - деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастардың басты міндеті. Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні ауданымыздағы Б.Құндақбаева атындағы орта мектебінде аудандық «Жарқын болашақ жастардың қолында» тақырыбындағы кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, саясатын қалыптастыру, жоғары моральдық – этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыру. Бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастығын ны...
Толығырақ... Оқылды: 529 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 24.05.2019

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ...

«Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы мерекеде, яғни, наурыздың 14-і көрісу күнінде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай атындағы шағын орталығы бар орта мектебінің мәжіліс залында «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты жастармен кездесу кеші өтті. Аталған кездесуге облыс пен ауданымызға еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар, талай-талай биік белестерді бағындырған өнер майталмандары мен ауданның Құрметті азаматтары қатысты. Атап айтсақ, қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған майталман әртіс, ҚР «Мәдениет қайраткері», Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімға...
Толығырақ... Оқылды: 389 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 20.03.2019

ҚОҒАМ ТАЛАБЫ – ТӘРТІП

Ауылдың тазалығына, көркейіп гүлденуіне атсалысу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық орындарда этиканы сақтау, жеке тұлғаларды тиіспеу, ортақ пайдалану орындарын, яғни, саябақтарды, скверлерді ластамау және қоғамдық тәртіпті, адамдардың тыныштығын бұзбау мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Мұқаншы ауылдық округінде «Қоғам талабы- тәртіп» атты «Жалын» студенттік жасағымен акция өтті. Шараға «Жастар ресурстық орталығының» маманы Берік Юсупбаев, «Жалын» студенттік жасағы, Мұқаншы ауылдық округінің әдіскер-нұсқаушысы Абзал Сатаев қатысты. Акция барысында Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Көксу бекетіндегі қоғамдық орындарды, орталық көшелерді, дүкендерді аралап, ауыл келбетіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті сақтамай, құқық бұзушылықтарға жол бергендерге арнайы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, яғни қоғамдық орындарда этиканы сақтау, тұрғын жайларды қорлау, төңірегіндегіле...
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019

КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КІЛТІ – ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Жастар қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни жарқын болашақ кепілі, ал, болашақ бүгіннен басталады! Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасына қосу біздің қолымызда және бізге артылған үміт пен сенім. «Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі», - деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, жастық шақ әрдайым қызғалдақ құлпыратын шақ. Бүгінгі жас ұрпақ, ел ертеңі – біздер. Біз – ертеңгі күні ел тағдырын ойлайтын осы жалындаған жастармыз. Ең алдымен біз білім алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз», - деп қазақтың бас ақыны Абай айтқандай, еліміздің білім деңгейін биік шыңға көтеріп, қазақ елін әлемге одан ары мойындатсақ, бізден асқан бақытты мемлекет, қазақ елінен асқан бақытты халық болмас... Киелі Көксу ауданымызда да білімді әрі жалынды жастар аз емес. Сол жастар түрлі шыңдарды бағын...
Толығырақ... Оқылды: 765 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.