ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ

Жылы жүрек – жомарт қол

Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ
Уақыты: 18.07.2019
Оқылды: 286 Печать страницы
Жылы жүрек – жомарт қол

Ағымдағы жылы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Балпық ауылдық округінде маусымдық «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жасақшылармен ерікті жастар «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акция Теректі ауылы, Исамберліұлы Есімбай көшесі № 6/3 үй тұрғыны, жалғыз басты қарт Тамаровский Валерий Сергеевичтің үйінде бастау алды. Ол кісі РТС-та және қант зауытында токарь болып жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта В.С. Тамаровский ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде жалғыз басты қарт ретінде тіркеуде тұр. Жастар ауланың шөбін орып, отын жарып, өсіп кеткен ағаштарды шауып, ауланы ретке келтірді. Алдағы уақытта аталмыш акция аудан көлемінде жалғасын табады


А.АРТОМОНОВА,
Көксу ауданының
 жастар ресурстық орталығының маманы

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.