АУДАН ТЫНЫСЫ

мерекелік медальдар табысталды

Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген 8 азаматқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады. Жиын басында аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков адал еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, зор білікті, еселі еңбегімен аудан халықының әл-ауқатын жақсарту жолында кеңінен танылған аудан басшысы Алмас Қабдулұлының кеудесіне де осы мерекелік медалді табыстап, көпшіліктің атынан құттықтады. «Осыдан 25 жыл бұрын бірауыздан дауыс беріп, қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалар мен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси жетілуге жол ашылды. Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта жоғарғы деңгейге көтерілгенін мақтанышпен айтамыз», деді ауда...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.09.2020

ЖАҢА НЫСАНДАР - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖЕМІСІ

Мемлекеттік мерекелер мен ел өміріндегі айтулы күндер тек музыкасы даңғырлаған концерттік бағдарламамен ғана шектелмей, елдің есінде қалар шараларымен ерекшеленіп жатса нұр үстіне нұр. Кейін­гі жылдары мерекелік шара­лар маңыз­ды нысандардың ашы­луы­­мен, олардың халық игілігіне бері­луімен айшықталып жүр. Биыл да Конституция және Білім күн­дері әлеуметтік саланың әлеуе­тін айшықтап, ауыз толтырып айтар­лық деңгейде аталып өтті. Жалпы, айтулы мереке қар­са­ңын­да ауданымызға қарасты қос бірдей ауылда су жаңа екі нысан ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Біріншісі Көксу бекетіндегі дәрігерлік амбулатория болса, екіншісі Қызылтоған ауылындағы 120 орындық білім шаңырағы. Көксу бекетіндегі қуанышты сәт Жаңа кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмас Әділ арнайы қатысты. Қос нысанның қолданысқа берілуі конституция күнінде жергілікті халық үшін тамаша тарту болды. Осыған орай жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр. Көксу...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.09.2020

Актив жиыны өтті

Бүгінаудан әкімі Алмас Әділдің төрағалығымен Президентіміздің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғыЖолдауын түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, депутаттар, партия өкілдері, құқық қорғау органдары мен бөлім басшылары және қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Жиын барысында Жолдауда айтылғандардың бірқатары ауданымызға қатысты жұмыс барысында қолға алынатындығы айтылды. Актив отырысында аудан басшысы Жолдау аясында туындаған жаңа тапсырмаларға жан-жақты тоқталды. Мәселен, аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ауылшаруашылығы, жолдардың қалпына келтірілуі т.б. Сонымен қатар, осыған байланысты қарамағындағы әртүрлі сала қызметкерлеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеп, тиянақты атқарылуын талап етті.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.09.2020

Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 қыркүйек білім күнімен құттықтауы!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Биыл еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматымен оқитын болды. Әрине бұл өте күрделі шешім. Кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр. Қашықтықтан оқу ұстазға да оқушыға да оңай соқпайтыны анық. Дегенмен ұл-қыздарымыз көштен қалмай, бар күш-жігерлерін салып оқиды деген сенімдемін. Қай салада болсын бірлік қажет. Жаңа...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.09.2020

Ата Заң – азат елдің ар-намысы

«Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қасиетті құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры». Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз республикамыз санаулы жылдарда өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің арқасында орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдердің арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституция жасаған ықпал өте зор. Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті әлі де мол. Алғашқы қазақ хандығы құрылғанда ата-бабалар дәстүрімен қатар 1511 жылы 19-баптан тұратын негізгі заң қабылданған. Оны қазақ «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған. «Жеті жарғы» 1690 жылдары Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ х...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.08.2020

ТҰҒЫРЫ БИІК- АТА ЗАҢ

Бүкілхалықтық референдумда азаматтардың тікелей еріктерімен қабылданған еліміздің Ата Заңы, қоғамның жедел дамуына жағдай туғызды. Еліміздің негізгі Заңы барлық жетістіктеріміздің бастамасы болып табылып, бүгінде қазақстандықтардың тең құқығы мен мүмкіншілігіне кепілдік беретін маңызды құжатқа айналды. Бұл күн бәрімізге өте маңызды, ал біз секілді яғни заң аясында қызмет ететіндер үшін бұл мерекенің орны айрықша. Біз бұл мерекені кәсіби деңгейде атап өтеміз. Өйткені, Ата Заңымызда көрсетілгендей, сот жүйесі азаматтардың бостандығы мен мызғымас құқығын сақтауды қамтамасыз етеді. Біздің негізгі заң дүниежүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Мемлекетіміздің қысқа уақыт аралығында өз Конституциясын жасап, қабылдағаны талайларды таң қалдырған. Конституциямыз Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық азаматтардың еркіне сәйкес жасалды. Халық өзі дауыс беріп, қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.08.2020

ҚУАТТЫ ӘЛЕУЕТ, ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ

Ағымдағы жылдың 12-ші тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев ауданымыздың бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты. Атап айтсақ, Серік Мелісұлы іссапарын ауданымыздың қант зауытынан бастады. Мекемені аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Аудан бойынша 28 га жерді алып жатқан кәсіпорын өзінің биылғы жұмысын 1 айдан кейін бастайтын болады. Себебі, зауыт жұмысын бастауға 60 пайыз ғана дайын. Нақтырақ айтар болсақ, өндіріс орнында қазір жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, тәтті түбір турайтын пышақтарды қайрауға арналған қондырғылар орнатылды. Өзгесінің барлығы осыған дейін озық үлгідегі техникаға алмастырылған. Нәтижесінде өткізілген шикізаттан 13 %-ға дейін қант алу мүмкін болып отыр. Бұрындары бұл көрсеткіш 11-12% болатын. Қазір зауытта жиын-терін науқанына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары барған тағы бір нысан аудан орталығындағы сүт фермасы. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінде құрылғ...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.08.2020

Құрбан айт

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейр...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.07.2020

Көксу ауданында карантин және шектеу шаралары қатаңдалды

Көксу ауданының аумағында 25-26 шілде күндері коронавирус инфекциясының алдын-алу, таралуын болдырмау мақсатында аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Мәншүк Әжиеваның 22 шілдедегі №25 Қаулысы шықты. Қаулы 24 шілде сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді. • Аудан аумағында мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени көпшілік ic-шаралар өткізуге салынған тыйым сол қалпында қалады. • Спорт, фитнес, жаттығу залдары, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, компьютер клуб орталықтары жұмыс істемейді. • Сонымен қатар діни объектілердің жұмысы тоқтатылады. • Отбасылық мерекелік шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру, тағы сол сияқты адам көп жиналатын өзге де шаралар) өткізуге тыйым салынады. • Аудан аумағында маска кию тәpтiбi сақталады. • Азық-түлік дүкендері, 200 ш/м көлемінен үлкен дүкендердің жұмысы сенбі-жексенбі күндері толықтай тоқтатылады. • Қоғамдық тамақтану обекътілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханал...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020

«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ»

Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық нұрына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзінікіндей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ деп есептеймін. Өйткені ізгі істер қашанда ізгілікке үндейді. Сауапты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен, жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? – «Мұны негізінен Қытай...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.