АУДАН ТЫНЫСЫ

Ауылда алаң ашылды!!!

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 06.11.2020
Оқылды: 22 Печать страницы
Ауылда алаң ашылды!!!

Жұмыспен қамтудың  жол картасы аясында  Мұқаншы округінде спорт алаңы салынып, халық игілігіне берілді.  Жобаның құны 38 млн теңге.    Алаңының жалпы ауданы 1362 шаршы метр, ұзындығы 196 метр, қоршауының биіктігі 4 метр.  Мұнда шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңы, воркаут алаңы, балалар ойын алаңы орналасқан. Кешкі уақытта жарықпен де қамтамасыз етілген. Шараның ашылуына аудан әкімінің қос бірдей орынбасарлары қатысты. 
Бұдан бөлек округте 11 көшеге жөндеу жасалып, су жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілген. Қазіргі уақытта ауылдың тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонға қоршау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл әкімінің айтуынша келер жылы тағы 7 көшенің жарық жүйелерін, Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы арық жүйелерін жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр екен.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.