ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 желтоқсан

24 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды Бүгін батыс христиандары Сочельникті атап өтеді. Бұл күн Рождество қарсаңында тойланады және осы мерекеге дайындықты білдіреді. Сочельник күнін католиктер, протестанттар мен кейбір православтар мерекелейді. Ресейде бүгін түріктің Измаил қамалын алу күні аталып өтпек. Бұл орыс-түрік соғысымен байланысты маңызды дата. 1790 жылы А.Суворов бастаған әскерлер Измаил қамалын алды. Бұл күннің маңыздылығы 1995 жылы "Әскери даңқ күндері туралы" заңда аталып өткен. Сондай-ақ, бүгін – Витриналарға саяхат күні. Витриналар өз заңымен өмір сүріп жатқан беймәлім мемлекет іспеттес. Іздеген нәрсенің бәрін табуға болады: әдемі сөмкеден бастап үйдің сәнін келтіретін жиһазға дейін. Бүгін витриналарға саяхат жасауға кеңес береміз, кім білсін, бәлкім көптен армандаған дүниеңізді тауып қаларсыз. 24 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар 1801 жылы Англияда әлемдегі алғашқы бумен жүретін автокөлік таныстырылды; 1871 жылы Каирде Джузе...
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 24.12.2019

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады. Конвенцияның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу және жою. Конвенция жемқорлықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың механизмін қарастырады және соған сәйкес заңнамаларды жетілдіріп отырады. Конвенция ережелеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық салдарынан келген ақшалар қай елден келсе, сол елге қайтарылып отырады. Қазіргі уақытта Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуығы ратификацияланды. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсене араласқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық мемлекеттермен және тиісті х...
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 09.12.2019

2020 жыл қазақ халқы үшін қандай болады?

Қазақ халқының мүшелдік жыл санауы тышқан жылынан басталады. Ол келесі жылы 22 наурызда кіреді. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес, деп жазады Skifnews.kz. Ғалымдардың пайымдауынша, олай жыл қайыру табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: "Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол - бірінші жылдың, одан кейін көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз", - деп...
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.12.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 желтоқсан

Бүгін балалардың сүйікті мерекелерінің бірі – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады. Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа датуысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады. 4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді. Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.12.2019

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 26 қараша

Бүгін әлем жұрты халықаралық ақпарат күнін атап өтіп жатыр. Қолында ақпарат бар адам әлемді басқарады! Бұл дана сөздерді танымал магнат Натан Ротшильд айтқан-ды. Оның астарында үлкен мән жатыр, мұнымен ешкім таласпайтыны сөзсіз. Расымен де, тиімді ақпараттың арқасында соғысты тоқтатып, табиғи апатқа дайындалып, ірі жол апатының алдын алуға болады. Бұл күн күнтізбеге алғаш 1994 жылы енгізілді. Сондай-ақ, бүгін халықаралық етікшілер күні. Аяқ киім таңдау— өте маңызды әрі қызықты іс. Себебі, аяқ киім иесі туралы көп ақпарат береді. Әр кез әдемі, ыңғайлы және сапалы аяқ киім сәнде болған. Етікші болу— екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Бірнеше ғасырдан бері етікшілік шеберлерге тұрақты табыс әкеліп тұрды. Тіпті, әлемдегі ең керекті мамандықтардың бірі болды десек болады. Мұнымен қатар, бүгін— төңкеретін күн. Яғни бүгін миыңызды шекарадан асырып, бір күн болсын шын қалауыңызды жүзеге асыратын күн! Бастапқыда жастықтармен соғысып, әдеттегі таңғы асқа балмұзда...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 26.11.2019

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 25 қараша

Бүгін әлемде қандай мереке атап өтіліп жатқанын көптеген әйел біледі. Бұл мерекені нәзік жандылар 1981 жылдан бастап атап өтіп келеді. 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтату күнін әлемдік күнтізбеге енгізді. Күнтізбеде бұл ерекше күннің пайда болуына 1961 жылы Доминикана Республикасында болған жағдай тікелей әсер етті. Диктатор Рафаэль Трухильоның бұйрығымен үш саяси белсенді апалы-сіңілі өлім жазасына кесілді. Сол уақыттан бері ақ мата ана болудың, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсылықтың символына айналды. Күздің бұл күнінде тағы бір қызықты мереке бар. Ол— жан-жаққа қарау күні. Назар аударыңыздар, құрметті қауым! Бәлкім қызықты немесе маңызды бір нәрсені жіберіп алып жатқан шығарсыз?! Жаныңызда болашақ жарыңыз жүрген болса ше? Қалай болғанда да, айналаңызға зер салған кезде тағдырдың белгілерін жіберіп алмаңыз.
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.11.2019

24 сағатта тұмаудан қалай құтылуға болады?

Біздің әрқайсымыз таңертең оянғанда ауырып тұрған болсақ, өзімізді жайсыз сезінудің қалай болатынын бастан кешірдік. The Sunбасылымы британдық сарапшылармен жұмыста сергек, ауырмай жүру үшін не істеу керектігі туралы сөйлесіп, керемет күн тәртібін жариялады. Таң Күніңізді жылы душпен бастаңыз. Кардифф университетінің профессоры және тұмауды емдеу маманы Рон Эклздың айтуынша, бу мұрынның бітелуін жояды және ыстық су дененің ауырсынуын жеңілдетеді. Содан кейін нутрициолог Аманда Арселл ұсынған С витаминінің күнделікті мөлшерімен толықтырыңыз. Таңғы асқа апельсин мен киви бар жеміс салатын қосуға болады немесе сүйікті ботқаңызды ұнатқан жидектеріңізбен “безендіре” аласыз. Таңғы кофе мен шайдан бас тартқан дұрыс: олардың құрамында кофеин бар және олар басқа сұйықтықтарға қарағанда дене сіңбейді. Жаңа сығылған апельсин шырыны күнді сергек қалыпта өткізуге көмектеседі. Күндізгі уақыт Тұмаудың алғашқы белгілері пайда бола салысымен сыртқа шықпай, жыллы бөлмеде болған дұрыс....
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қараша

Бәріміздің жүрегімізден орын алған отбасылық мерекелердің күнтізбесі тағы бір күнмен толықты – Ұлдар күні. Аналар күні сияқты бүкіл дүние жүзіне танылмаса да, ұмытпай, жыл сайын тойлайтындар уақыт өте көбейіп келеді. Бұл – ресми болмаса да, керек мейрам, себебі отбасыны біріктіріп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етеді. Ұлдар күні – балаңызға (жасы нешеде болса да) қаншалықты жақсы көретініңізді айтуға таптырмас күн, азын-аулақ сый жасасаңыз тіпті керемет. Ұл баланың өмірге келуі барша салт-дәстүр, діни наным-сенімдер бойынша мақтан тұтарлық жайт, өйткені ер бала – мұрагер, ұрпақ жалғастырушысы, ата-бабадан қалған әдет-ғұрыпты жалғастырып, ата-анасына қартайған шағында қамқор болады. Ресейде бүгін Психолог күнін атап өтеді. 2000 жылы осы бір жақсы дәстүр жолға қойылды. Ол кезде ММУ-нің озат студенттер қауымдастығы мен оқытушылар құрамы әлеуметтік өмірдің қай саласында болмасын психологияның маңызы зор екеніне қоғамның назарын ауда...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 қараша

Бүгін шыны өнеркәсібінің қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, ол мозаикалы картиналар үшін шыны рецептілерінің бірін жасаған атақты орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың туған күнімен сәйкес келеді. Айта кету керек, адамзат шыныны алғаш рет бес мың жыл бұрын өндірді. Шынының осыншалық бай тарихы бар екеніне қарамастан, шыны өнеркәсібі ХІХ ғасырдың соңында ғана дами бастады, табақ шыны XX ғасырда пайда болды. Сондай-ақ бүгін – Дүниежүзілік дәретхана күні. Бұл, әрине, ең ерекше және қызықты мерекелердің қатарына жатады. 2011 жылы Сингапурда дәретхана проблемасына арналған халықаралық ауқымдағы конференция өткізілді. Бір қызығы, мұндай ерекше конференцияны өткізетін орын өте мұқият таңдалды. Сингапур дәретхана тазалығын мұқият сақтайтын ел ретінде белгілі.Ұлттық ауқымдағы 17 дәретхана ұйымының атынан келген Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің екі жүзден аса делегаты аса маңызды мәселелерді мұқият қарастырып, дәретхана жұмыста...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.11.2019

Құлақ неге шыңылдайды?

Құлақта шуыл не шыңыл пайда болуы дені сау кез келген адамда кездесуі мүмкін. Денедегі қан айналымының дауысы кейде құлаққа осылай естіледі. Егер құлағыңыз жиі шыңылдайтын болса, дәрігерге көріну қажет, себебі ол әлдебір аурудың белгісі болуы ғажап емес. Өз-өзіңізге диагноз қоймай тұрып, құлақ шыңылдауына себеп болар мына жайларды шолып өтіңіз: – Есту аймағында құлық жиналуы; – Қатты дыбыс шығатын жерде жүру; – Антидепрессант қабылдау; – Құлақтың қабынуы не бұлық; – Мойын ауруы; – Гипертония. Егер дәрігер айтарлықтай ауру белгісін айтпаса, бұл келеңсіздікпен өзіңіз күресе аласыз. – Ақ шуыл (белый шум) қосу, вентилятор не теледидар дауысын қоюға болады немесе интернеттен кез келген түрін тыңдаңыз. – Музыка қосып, өзіңізге терапия жасаңыз. – Ұйқыңызды жақсылап қандырыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.11.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.