ИМАНАШАР

«Төрт игі істі көбейтіңдер»: Оразаның соңғы он күнінде не істеу керек

Бүгін биылғы Рамазан айының соңғы онкүндігі басталды. Қасиетті айдың осы бір бөлігін қалай өткізу керек? Қандай ізгі амалдар жасау қажет? Бұл сұрақтарға бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың. Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз? Өзіңізге сауал қоятын уақыт келді. Рамазан айындағы соңғы он күн мұсылман қалағаны үшін емес, Алла ардақты еткені үшін ерекше. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы он күнінде құлшылықты көп ететін. Хазреті Айша (оған Алла разы болсын) былай деген: «Хазреті Пайғамбар Рамазанның соңғы он күні кіргенде түнді толығымен ғибадатқа арнайтын. Отбасы мүшелерін оятып, әйелдерден бөлек тұратын». Тирмиз...
Толығырақ... Оқылды: 734 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

Қадір түніне дайындық

Рамазан айында түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын Қадір түні маусымның 11-нен 12-не қараған түні кіреді. Нақты бір күнді белгіленгенмен, Рамазан айының соңғы 10 күнінің тақ күндерінен де (5.7.9.) күткен абзал. «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер.»(Мүслим) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің тақ түндерінен немесе Рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Сауабын ойлап Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед) «Қадір түні Рамазанның 27-ші түні» (Әбу Дауд) Бұл – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн. Алла Тағала «Қадір» сүресінде: «Расында Біз Құранды қадір түні түсірдік. Қадір кеші мың айдан қайырлы», – деп баяндаған. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): &...
Толығырақ... Оқылды: 731 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

Мың айдан қайырлы

«Қош келдiң, йа, Рамазан» деп жылына бiр рет келетiн Рамазан айын барша мұсылман үмбетi асыға күтетiнi анық. Рамазан айы – жер бетiндегi Алланы бiр деп мойындаған, иманның шарттарына шүбәсiз сенген адамзат баласының сағынып күтетiн, бiзге екi дүниенiң бақытының кiлтiн ашатын қасиеттi Құран Кәрiм аяттары түсе бастаған сондай бiр мүбәрак ай. Бұл ай барша адамзат баласына өз рахметi мен қайталанбас күнге толы нығметiн алып келедi. Рамазан айының мәртебесi туралы Пайғамбарымыз былай деген: «Айлардың мырзасы – Рамазан, күндердiң мырзасы – Жұма, түндердiң мырзасы – Қадiр түнi». Сауабы сарқылмайтын қасиеттi айда мол сауаптан кенелуге мүмкiндiк бар. Бұл айдың қасиеттiлiгi сонда, күндiз немесе түнде оқылған Құранның әрбiр әрпi үшiн еселенген сауап бар. Бұл айда шайтандар кiсенделiп, тозақ есiктерi жабылып, жұмақ есiктерi ашылады. Нәпiл намаздар оқып, Аллаға құлшылық еткен жанның жүрегiне иман нұры құйылып, көз, құлақ перделерi ашылады. Рамазан айы...
Толығырақ... Оқылды: 732 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.04.2022

Арам пайда

Асыл дініміз Исламда келген тыйым етілген дүниелердің барлығында адам баласының жеке басы мен қоғамға зияны бар екендігі белгілі. Осындай үлкен күнә деп танылып, дініміздегі тыйым етілген істердің бірі – жемқорлық. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 188-аятында: «Араларыңдағы мал-дүниелеріңді бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың дүниелерінен бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар», – деп айтқан. Жемқорлық орын алған жерде жауапкершілік жоғалады, әділетсіздік орын алып, тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі. Ата-бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деу арқылы, ұрпағын имани қасиеттерден ажырамауға шақырып, әркез туралықта болуды насихат еткен. Жаратушымыз Алла Тағала Қасиетті Құранның «Мәида» сүресі, 42-аятында:«Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. Егер олар саған келсе, араларына үкім бер немесе олардан теріс бұрыл. Егер олардан теріс бұрылсаң да, олар саған ешбір...
Толығырақ... Оқылды: 768 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.10.2021

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ БАРШАҒА МІНДЕТ

Адам баласының өмірі белгілі бір кезеңдерден тұрады. Сәби кезінде әлсіз болып дүние есігін ашып, жастық шағында бойына жігер бітіп, қартайғанында қайтадан бойын әлсіздік билейді. Қасиетті Құранның «Рум» сүресінің 54-аятында Алла Тағала: «Ол сондай Алла! Сендерді әлсіз етіп жаратты, одан соң әлсіздіктен қуаттандырып, күшейтті. Одан соң күштіліктен әлсіретіп кәрілік берді. Алла нені қаласа, соны жаратады, Ол шексіз білім иесі, теңдессіз құдырет иесі», – деп айтқан. Осыған ұқсас «Ясин» сүресінің 68-аятында: «Сонымен қатар Біз кімге ұзақ ғұмыр берсек, оны жаратылысында әлсіретеміз. Олар сонда да ақылға салып ойланбай ма?», – деген. Бұл аяттар шынымен де, біздерді ойлануға шақырады. Қазір бойында жігері тасыған жас адам ертең қартайып, өзі де жәрдемге мұқтаж болады. Кімде-кім жастығында үлкендерге құрмет көрсетсе, ертең қартайғанда өзі де сол құрметті көретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):...
Толығырақ... Оқылды: 754 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.10.2021

ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС

Әлемдердің Жаратушысы Алла Тағала адамзатты жаратып, адам балаларын түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөлді. Дініміз Исламда барлық адамзатты Алла Тағаланың жаратылысы деп танып, олардың ешқайсысын ұлтына, нәсіліне қарап бөлуге болмайды. Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, айырмашылық тек тақуалық пен діндарлықта ғана болмақ. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың үшін сан-алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың», – деп айтқан. Алла Тағала бұл аятта біздерге барлық адамзат Адам ата мен Хауа анамыздан тарайтындығын есімізге салып, қандай ұлт болмасын олардың шыққан негізі бір екендігін ескертеді. Аяттағы: «Бір-бірлеріңді тануларың үшін» дегенді Имам Мужаһид: «Олар пәленше пәленше деген рудан, пәленшенің баласы деп адамдар бір-бірлерін...
Толығырақ... Оқылды: 1026 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 17.09.2021

НӘПСІ ТӘРБИЕСІ

Ислам тарихында орын алған «Тәбук» шайқасынан кейін, сахабалар сусыз шөл далада шаршап-шалдығып, қарындары аш күйде кері қайтып бара жатқанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кіші жиһадтан (жорықтан) үлкен жиһадқа (нәпсімен күресуге) оралдық», – деп айтқан. Нәпсімен күресу, оны тәрбиелеу – адам баласының екі дүниеде бақытты не бақытсыз болуын айқындайтын негізгі себептердің бірі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Әлде кім оны кірлетсе, қор болды», – деген («Шәмс» сүресі, 9,10-аяттар). Халқымызда «Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, мықты болсаң алдымен нәпсіңді жең», – деп айтылуы тегін емес. Өйткені нәпсіні тәрбиелеу үшін адамның бойында үлкен ерік пен жігер керек.Шәкәрім бабамыздың: Адамның сыртқы дене жаралысы, Нәпсісі – айуанмен анық теңдес. Бөлектігі – жалғыз-ақ таза ақылда, Әлің келсе, жол тап та осыны емдес! –...
Толығырақ... Оқылды: 954 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.09.2021

Білім алу – әрбір мұсылманға парыз

Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз – қараңғы түн сияқты. Ислам дінінде адамзат баласына қоятын ең басты талап – білім алу, оқу және іздену. Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Білім жүректерді тірілтеді, көздерді ашады, ақылды оятады, жанды рахаттандырады. Білім жалғыздықта серік, адасқанда жол көрсетуші. Қасиетті Құранның адамзат баласына түсуінің басты мақсаттарының бірі де – тура діндегі жандарды білім суынан сусындауға шақыру. Құран кәрімде Алла есімі 2800 жерде және Раббы сөзі 950 рет ең көп кездеседі, олардан кейін үшінші Ілім сөзі, ол Құранда 750 рет айтылған. Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді,» -деп, Құранның ең алғашқы аяты «оқы» деп түскен. («Алақ» сүресі,1-5 аяттар)Пайғамбарым...
Толығырақ... Оқылды: 730 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.09.2021

Алланың бар екендігіне сендірген жеті себеп

Бізді қоршаған әлем, аспан мен жердегі қаншама теңдесі жоқ жаратылыстың баршасы Ұлы Жаратушымыз Алланың бар екендігіне толықтай айғақ бола алады. Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Жер мен көктің жаратылуында және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Алланың бірлігін, барлығын білдіретін) айқын дәлелдер бар»,– деп нақты баян етілген. Және бір аятта Алла Тағала: «Жер мен көктің жаратушысы Алланың бар екендігіне күмәнданасыңдар ма?» – деп бұлтартпас айғақпен ұғындырады. Нью-Йорк ғылым академиясы төрағасының бірі болып қызмет еткен А. Гресси Моррисон (A.Gressy Morrison) өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижесінде Алланың бар екендігін мойындап, өзге де әріптестеріне Алланың бар екендігіне сендіретін жеті себеп атты мақаласын жариялады. Гресси Моррисон: «Ғылым мен технология құдіретті Жаратушының заңдылықтарын біртіндеп ашуда. Ғылыми жетістіктер көбейген сайын Алланың бар екендігі дәлелденіп, Оған сенуге мәжбүр болудамыз. Мені...
Толығырақ... Оқылды: 805 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.08.2021

Әдептілік – иманнан

Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде өзінің жіберілу мақсатын: «Шындығында, мен көркем мінезді кемеліне жеткізу, толықтыру үшін жіберілдім» - деп, жеткізеді. Демек, асыл дініміздің негізгі мақсаттарының бірі адамзатты тәрбиелеу болып саналады. Қоғамдық ортада мәдениетті болу, өзін ұстай білу, үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету, сәлемдесу, сыпайылық таныту – рухани байлықтың көрсеткіші. Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша кісіні сыйлау, құрметтеу – әрбірімізге міндет. Бабаларымыз баланы бесігінен-ақ жақсы әдептерге баулыған. Ислами әдепті бойына сіңіру арқылы әрбір мұсылманның мәдениеттілігі артады. Әдептілік – ғұмырыңды ұзартып, берекеге кенелтеді. Қасиетті Құранда: «... Ол Алла сендерді жерден жаратты әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады...» («Һуд» сүресі, 61-аят). Пайғамбарымыз (Оғ...
Толығырақ... Оқылды: 802 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.08.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.