ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ТҮРКИЯДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ АҚСАҚАЛ 75 БИЕ БАЙЛАП ОТЫР

Дана халқымызда: «Адам айдаса барма, дәм айдаса қалма» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай, ойламаған жерден өңіміз түгілі түсімізге кірмеген Түркия мемлекетінің дәмі тартып,«Қайдасың, Түркия?» деп ұшаққа мініп, Измир қаласынан бір-ақ шықтық. Сөйтіп, бір айдай уақыт көптеген қаласында болдық. ТүріктердіңСельжук мемлекеті болған кездегі тарихи орнына бардық, мешітіне кіріп, намаз оқыдық. Жергілікті халықтармен дәмдес-тұздас болып, жап-жақсы араластық.«Бауырында күнде көріп жүргеннен соң, таудың да биіктігі байқалмайды» демекші, өз Отанымызда жүргенде туған жеріміздің, ұлтымыздың қадірін біле бермейді екенбіз. Шетке шыққан аз уақыт ішінде кәдімгідей елімізді, жерімізді, тілімізді сағындық. Бір күні тұрғылықты адамдардан: «Осында тұрғылықты қазақтар бар ма?»– деп сұрап едік, олар шамасы 100 шақырым жерде тұратынын айтты. Ести сала сонда тарттық. Ал іздегенімізді тапқанда қуанғанымыз соншалық, ет жүрегіміз елжіреді. Әсіресе, алыстан...
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.09.2020

Індет кезінде дұрыс тамақтану аса маңызды

Карантин өз нәтижесін беріп, елімізде коронавирус қарқыны бәсеңдеді. Алайда, біз бұл індетті толығымен ауыздықтаған жоқпыз. Коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім қатты төмендей қоймады. Бұл індетпен күрес оңай болайын деп тұрған жоқ, бірақ, бастысы біз дұрыс бағыттамыз. Жақсылыққа сене білу керек, халқымыз «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді. Жақсы ой болмаса, сенім болмаса қиындықты еңсеруіміз екіталай. Осы эпидемия бастау алғаннан бері біздің халық бір-біріне қамқорлық жасап, қолдау білдірді. Біздің азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың бір-біріне деген жанашырлығы, бауырластық танытуы, тілектес болуы, бір-біріне тірек, медет болуы, бір жұдырықтай жұмылуы - міне, елімізде коронавирустың бәсеңдеуінің ең негізгі себебі осы. Бұл халықтың үлесі. Халық қолдан келгеннің бәрін жасады, өз күшімен барлық амалдарды қарастырды. Халқымның ерлігіне, бауырмалдығына тәнтімін. Еліміз бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Үкімет тарапынан да қажетті көмек көрсетіліп,...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 06.08.2020

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ: КІМ КІНӘЛІ...

«Бала тәрбиесі – өнер,жекебірғылымиесіболудытілейтінөнер», - дегенекенМ.Жұмабаев. Қандайтауып айтылғанданалы сөз. Тәрбие арқылыадам тағдырышешілетінін,оныңбілімді тұлға болып қалыптасатынын, елдіңберіктірегіболатынын көрсетеді. Тәрбие – қашан да отбасынан басталады.Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде» деп бағалағандықтан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазаққа тән игілік пен ұлтт...
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.02.2020

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ДӘСТҮРЛЕР

ТҮТІНІҢДІ ӨШІРМЕ: ОТҚА МАЙ САЛУ. БИЕ ҚЫСЫРАМАС Сиреп кеткен қазақ салтын білгіңіз келе ме? Қазақта келін түсірер алдында оның енесі қандай іс-әрекет жасаған? «Түтінің өшпесін» деп жиі айтады. Оның түпкі мәнісін білесіз бе? Келіннің бетін ашқан соң, қандай ырым істеледі? Жалпы, келін түсіргенде нені білу қажет? Баяғыда іске асырылып келген салт-жоралғының қандай тәрбиелік, қасиетті мәні бар? ОТҚА МАЙ САЛУ Келін табалдырықты аттардың алдында, енесі маздап тұрған отқа май салғызады. Бұл – қазақта сонау шаман дінінен – отқа табынудан бері келе жатқан салт. Аталмыш салтты қазір өте сирек істейтін болды. Бұл кейбір көнекөз қариялары бар үйде ғана істеледі. Мұнысы бір жағынан – отқа табынудың белгісі болса, екінші жағынан – түтіні өшпесін дегенді білдіреді. Түтін өшті деу – қазақта бір шаңырақ бітті, күйреді деген сөз. «Пәленшеден ұрпақ қалмады, арты тозды» деп осындайда айтады. БИЕ ҚЫСЫРАМАС Отқа май салынып, келіннің беті...
Толығырақ... Оқылды: 192 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 07.10.2019

Әл-Фараби деген кім?

Әл-Фараби қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан. Толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби. Әл-Фараби қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Фараб (Отырар) қаласында түркі тектес әулетте туылған. Оның әкесі әскербасы болатын. Зерттеуші ғалымдар әл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы тұщымды әңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы қызу ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек. Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымдарды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол бірнеше тілдерді әсіресе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді. Ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да сексен жасқа жетіп...
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.09.2019

Ұмытыла бастаған дәстүрлі тағамдар

Түймеш — келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіріледі. Май түймеш — майын көбірек жіберіп келіге түйген ет. Оны көбінесе өңешке, жүректің қолқасына тығып пісіруге болады. Бітеу — бүйенге тығып пісірген ұсақ ет. Оның бір жағы тұйық, екінші басы тігулі, соған орай піскенде өз сорпасы өзінде болады. Меңіреу — әсіптің үлкен және семіз етіп жасалған бір түрі. Жаужұмыр — сойылған малдың етін бұзып, қалың еттерін арсалап алып, түгелдей өз қарнына салып, су құймай пісірген ет. Оны кейде жаубүйрек деп те атайды. Борша кісе — тауық, қаз, үйректің, бұзау, лақ, қозының еттеріне күріш, сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосылады. Сүт құйып отырып машинаға тартылады. Содан ішекке, бүйенге тығылып немесе қамыр арасына салынып пісіріледі. Жаубүйрек — қойдың, ешкінің, бағланның бұзбай пісірген бөксесі....
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 24.07.2019

КЕЛІНДІ «КЕЛСАП» ҚЫЛАТЫН ЕНЕ МЕ НЕМЕСЕ ЕНЕ МЕН КЕЛІН АРАСЫ

«Келін» мен «ене» тақырыбы қай уақытта да өте өзекті болып келеді. Неліктен бұл тақырып күн тәртібінен түспей келеді? Ықылым замандардағы ене мен келіннің арасы қандай болған? Енені неге «кенеге» теңейміз? Бүгінгі таңда жас бойжеткендер неге ата-енесімен тұрғысы келмейді? Жаза берсек, көкейде жүрген сұрақ көп. Шынымен де, келінді «келсап» қылатын ене ме? Алдымен «келсап» сөзінің мағынасын ашып алсақ. Негізінен, келі-келсап - ол дәнді қауызынан арылту және ұнтақтауға арналып қатты ағаштан (кейде тастан қашалып) жасалған аспап. Қазақ халқы келі-келсаппен тарыны, бидайды, т.б. дәнді дақылдарды түйіп, жент, жарма, талқан дайындаған. Сонда келсап болып тұрған келіннің өзі ме әлде сөзі ме? Әрбір қыз баласы өмірде өз сыңарын тауып, тұрмысқа шығары айдан анық. Әйел бақытын сезіну - ол баға жетпес байлық. Одан әрмен, ана атанып, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырғанға не жетсін, шіркін! Бірақ, қазіргі заманның қыздары осы бір жауа...
Толығырақ... Оқылды: 501 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 18.07.2019

Атаның маған айтқан ақыл сөздері 

“Алатын кезде – алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі – үлкен олжа” “Адам ешкімге сенбей, бәріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу”, “нашар адамдар” деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасыңа топталып, жинала береді” Өзгеден артық боламын деп арындама, шамаңды шақта. Тең түскенге қанағат ет. “Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар” деген ата-бабаң. Бірақ тепкіге төзбе, ешқашан аяққа басылмағын” “Адам өмірге, мынау жарық дүниеге жылап келеді. Ата-ана, туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады. Кетеріңде өзгелер жылап, өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе…” “Ғылым-білім деген – түпсіз тұңғиық. Жұмыр жердің бетінде оның түбіне жеткен жан жоқ. Дегенмен шетсіз-шексіз ілім-білім жолында әркім өзінің өресі, шама-шарқы...
Толығырақ... Оқылды: 238 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.07.2019

СОЙЫЛҒАН МАЛДЫҢ ТІСІН НЕ ҮШІН ҚАҒАМЫЗ НЕМЕСЕ МАҢДАЙЫ НЕ ҮШІН КЕСІЛЕДІ ?

Ертеде Сараман мен Қараман деген екі дос өмір сүріпті. Бірде Сараман досына ренжіп қалады. Бірақ онысын тамырына айтпайды. Бір күні Қараман атқосшысын ертіп, оған қонаққа келеді. Сараман досын құшақ жая қарсы алады. Іштегі назын бетіне шығармайды. Досы да құшағын тосады. Сараман досына арнап үлкен қошқарын сойып, батасын алады. Ет пісірім уақыт болды дегенде алдына бас тартады. Қараса, қойдың тістері қағылмаған екен. Досы оны байқамайды. Етін жеп, қымыз ішіп, арқа-жарқа болып, үйіне қайтады. Жолай атқосшысы: – Мырза, досыңыз бас тартқанда қойдың тісін қақпай әкелді. Сізге бір реніші бар екен, – дейді. Бай шошып кетіп: – Қалайша? Реніші болса, бас тартып сыйламас еді, – деп жауап береді. Атқосшы: – Марқұм әкем айтушы еді. Қазақ біреуге ренжісе, бетінен алмаған. Өзгенің көңіліне қаяу, жүрегіне қылау салармын деп сақтық еткен. Назын тұспалмен, ыммен білдіреді. Мұсылмандықта біреудің көңілін қалдырған, мың Қағбаны бұзғанмен бірдей екен. Сондықтан, дәу...
Толығырақ... Оқылды: 217 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.07.2019

АУШАДИЯР ДӘСТҮРІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Жастар шаңырақ көтергенде жасалатын салт-дәстүрлердің қатарында – аушадияр дәстүрі де бар. Үйлену тойы кезінде айталатын аушадияр – дәстүрлі өлең, жыр. Өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар бұл дәстүрдің жастарға ой салатыны белгілі. Тойдың көркін қыздырып, көркем шығармашылықпен айтылатын өнегелі өнер қазақтың ұмыт болған дәстүрлерінің қатарында. Бұл дәстүр Қазақ елінде ұмыт болғанымен, елімізден жырақта жүрген қазақтар сақтап қалған. Аушадияр үйлену тойы үстінде айтылады. Өлең жолдарында ақыл, үлгі, өнеге, тәлім-тәрбие туралы толғауды санамалап айтып, шаңырақты берік ұстау туралы ойлар астарлап жеткізіледі. Осындай бай дәстүрімізді бүгінгі әдетімізге енгізер болсақ, мәдени қазынамыз да, ұлттық өнеріміз де өсе түсер еді. Аушадияр дәстүрінде айтылатын өлең жолдары мынадай: Аушадияр бір болар, Жаманның көңілі кір болар. Ата-анасын сыйлаған. Ақ шалмалы би болар. Аушадияр екі дер, Ержеткеннің еркі дер, Омырауы толған о...
Толығырақ... Оқылды: 217 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.