ӘЛЕУМЕТ

Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқартуға кеңес берілді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 17.03.2020
Оқылды: 22 Печать страницы
Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқартуға кеңес берілді

Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқарту ұсынылды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік инспекторы Ерлан Ысмағұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында әкімдіктегілер барлық жұмыс берушіге қызметкерлерін үй жағдайында жұмыс істеу тәртібіне көшіруге кеңес береді. Ал қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмайтын жағдайда жұмыс күнін қысқартып немесе жұмыс аптасын қысқартуға кеңес беріледі", - деді Ысмағұлов онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, бұл жағдайда жалақы атқарылған жұмыс уақытына байланысты төленеді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.