ӘЛЕУМЕТ

"Демеу " психологиялық орталығы сын сағатта сынбауға шақырады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 17.03.2020
Оқылды: 16 Печать страницы

Талдықорган қаласында халықтың психологиялық денсаулығын жақсартуға арналған "Демеу " психологиялық түзету дамыту орталығы ашылған.

Орталықта өз өміріне бейжәй қарамайтын әрбір жеке тұлға үшін психологиялық денсаулықты нығайту бойынша консультациялық және психотерапиялық көмек көрсетіледі.

Онда жеке және топтық консультация, ата-аналарға консультация, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, тренингтер, семинарлар өткізіледі.

Еріктілер жылына орай ауылды жерде тұратын көп балалы аналарға мамыр айында еліміздегі карантин аяқталғанда тегін консультация және диагностика жүргізетін боламыз,-деп атап өтті «Демеу » орталығының басшысы Мөлдір Болатқызы.

Бүгінде жеке бастың мәселесіне қатысты психологтардың көмегіне жүгінетіндер жетерлік. Десе де, жаһанды жаулаған індет көпшіліктің көңіл – күйіне әсер етпей қоймайды. Осы орайда кәсіби мамандардың кеңесі керек.

Елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға байланысты психологиялық тұрғыдан айта кетсек, аурудың барлығы біздің миымыздан басталады.Егер сіз эпидемияға байланысты көп ойлай берсеңіз сізде үрей, қорқыныш пайда болады.Көп ойлағаннан қорқыныш пайда болған кезде адамның ми қызметтері дұрыс жұмыс жасаудан бас тартады. Жүрекке ауыр қабылдағаннан кейін азаматтар психосиматикалық ауруларға ұшырайды,-деп айтты Мөлдір Болатқызы.

Психолог Мөлдір ханым халықты психологиялық тұрғыдан мықты болуға , жеке гигиенаны сақтай отырып, эпидемия жайлы көп ойламауға шақырады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.