ӘЛЕУМЕТ

Облыста жұмыссыздықпен күрес қарқынды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 18.03.2020
Оқылды: 64 Печать страницы
Облыста жұмыссыздықпен күрес қарқынды

Елдегі соңғы жаңалықтарға байланысты 16 наурыздан бастап карантин қабылданған болатын. Алайда, мемлекеттік органдарда жаппай жұмыстан босату орын алып жатқан жоқ. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз -мәслихатында белгілі болды.

Алматы облысында жыл басынан 103 азаматты жұмыстан қысқартқан. Бүгінгі таңда 103 адамның 23 і тұрақты жұмысқа орналасқан, қалған 71 адам жұмыссыздар қатарына қосылып, құзырлы мекемеде тіркелген. Бірақ та қызметтен қол үзген жандарға арнайы жәрдемақы тағайындалған. Қысқартуға ұшыраған адамдарға барынша көмек көрсетілуде.

Жұмыссыздардың санын арттырмау үшін Алматы облысында жұмыс орындары біртіндеп ашылуда. Ағымдағы жылы жұмыссыз жүрген адамдарға 46 000 тұрақты және уақытша жұмыспен қамту қарастырылуда. «Жұмыссыздардың санын кемітуге бағытталған шараларды іске асыруда әлеуметтік серіктестік жөніндегі аймақтық комиссия, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің қолға алған іс- шара маңызды рөл атқарады. Осы комиссиялрдың арқасында әкімшілікпен, кәсіподақпен және кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде»,-деп хабарлады Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Жақсыбаева.

Өндірістік процестерді тұрақтандыру үшін өзара ынтымақтастықпен жұмыс орындарын сақтау үшін 11 000 кәсіпкерлердің қолдауымен 129 000 адамға жұмыс берілген. 42 000 кәсіпкерлермен тәжірибелі жұмыс күшін басқару туралы келісім шарт жүргізілді. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жаңа еңбек картасы әзірленуде. Осы жаңа еңбек карта аясында инфроқұрылымның немесе инженерлік коммуникацялардың дамуына байланысты орташа және әлеуметтік-мәдени нысандар, жол, аймақтарды жарықпен қамтамасыз ету жұмыстарына жұмыссыз азаматтарды тарту жоспарланған.

2020 жылы 14 000 астам азаматтардың жобаларын қаржыландыру үшін 9 мрд 900 млн теңге бөлінеді деп күтілуде.

Сондай-ақ жаңа жобаларға байланысты көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тегін грант тағайындалуда. Осыған байланысты жағдайы төмен отбасыларға микро және макро кредиттерді беру іске қосылуда. Микро кредиттердің жылдық мөлшерлемесі 4 % - ды құрайды. Сонымен қатар несиені қайтару мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылған.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.