ӘЛЕУМЕТ

Коронавирусқа қарсы іс-шаралар қабылданды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.03.2020
Оқылды: 16 Печать страницы
Коронавирусқа қарсы іс-шаралар қабылданды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Қытайда коронавирус індетінің таралуына байланысты дер кезінде алдын алу шараларын қабылдады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі: №103/104 «Үрімші – Алматы-2» және №13-54/14-53 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімші» жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды «Jetisy Media» Егемен Қазақстан газетінің сайтына сілтеме жасап.

Ел аумағы бойынша вирустың таралуына жол бермеу мақсатында Достық және Алтынкөл стансаларына келген пойыз жолаушылары мен бригадалары қызметкерлерін қазақстандық санитарлық қызметі тексерістен өткізеді. Олар тепловизор арқылы жол жүрушілердің жағдайын тексереді және қалін сұрап-біледі. Содан кейін жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлеріне шекаралық және кедендік тексерістер жүргізіледі.

Ұлттық тасымалдаушы жолсеріктермен тұрақты негізде нұсқаулықтар өткізіліп, ауырып қалған жолаушыны анықтау кезінде пойыз бастығының іс-әрекетін рег-ламенттейтін, жолаушылар немесе пойыз бригадасы қызметкерінің коронавируспен ауырып қалу күдігі туындаған кезде жолаушылар пойызы бастығы үшін нұсқаулық әзірленді.

Жолаушылар пойызының қозғалысы кезінде жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының коронавируспен ауырып қалуы күдігі туғанда жолаушылар по-йызының бастығы жедел түрде пойыз машинисі арқылы медициналық пункт орналасқан стансаның кезекшісін немесе вокзал бойынша кезекшіні ақпараттандыруы керек.

Пойыздың тоқтау пунктіне келуіне дейін ол алғашқы індетке қарсы шараларды (ауруды өзге жолаушылардан бөлектеу, ауру жолаушы орналасқан вагон бойынша адамдардың қозғалысына тыйым салу, әрбір 30 минут сайын шай ыдыстарын, еденді, санитарлық торапты және өзгелеріне дезинфекция жүргізу) өткізуге міндетті.

Бүгінгі таңда уәкілетті органмен келісімі бойынша аталған пойыздардың уа-қытша тоқтатылуы жөніндегі рәсімдер өткізілуде.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен Алматы және Нұр-Сұл-тан қалаларында нұсқаулықтар өткізілді. Сондай-ақ пойыз бригадаларының қыз-меткерлері тыныс алу маскаларымен жабдықталған және оны үнемі тағып жүру туралы ескертілген.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытай арасында темір жол көлігімен багаж және қол жүгін алып жүруге бақылау күшейтілген.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.