ӘЛЕУМЕТ

Жұмыс берушілер ТЖ кезінде еңбек ақыны қалай өтейді?

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.03.2020
Оқылды: 16 Печать страницы
Жұмыс берушілер ТЖ кезінде еңбек ақыны қалай өтейді?

Қазақстан Республикасының Пезидентінің жолдауымен 16 наурыздан бастап эпидемияға байланысты 1 ай төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған байланысты жұмыскерлердің режимі және де жалақы мөлшері өзгеруі ықтимал.Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Жұмыс берушілер өз жұмыскерлері алдында әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, еңбек заңнамасы талаптарын сақтауға шақырады.

Жұмыс берушілер жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс істеу процесіне көшіруге құқылы. Бұл жағдай да еңбек қатынасы еңбек кодексінің 138 бабымен реттеледі.Қашықтықта жұмыс істеу режиміне көшкен уақытта жұмыс беруші жұмыскерлерге барлық қажетті жағдай жасауға міндетті.Осыған орай жұмыскерлердің айлық жалақылары өзгертілмеу керек.

Төтенше жағдайға байланысты кәсіпорындар мен мекемелерде шатат көлемі шектелген жағдайда жұмыс берушілер өзінің АКК пен яғни өзінің бұйрығыменен жұмыскерлерге қысқартылған жұмыс уақытының режимін қолдануға құқылы.Толық емес жұмыс уақытында аптадағы жұмыс күндерінің санын азайуын немесе бір күнде жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығының қысқаруы болуы мүмкін. Бұл жағдай да жұмыскерлерге жалақы нақты атқарған жұмысының уақытына, сағатына қарай есептелетін болады.Жұмыс уақытының толық емес жұмыс уақытын енгізу бойышна ҚР еңбек кодексінің 70 бабымен реттелетін болады.Сонымен қатар еңбек кодексінің 68 бабының 2 тармағына сәйкес еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақы азырақ жұмыс уақытына байланысты енгізілуі мүмкін. Яғни жұмыс берушілер өздерінің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай отырып, еңбек шартында жұмыс уақыты үшін төленетін жалақы мөлшерін сақтап, толық емес жұмыс уақытын еңгізуге құқылы болып табылады.

Егер мекемелер мен кәсіпорындар жұмыстарын тоқтататын болса жұмыс берушілер еңбек кодексінің 312 бабын басшылыққа алып, жұмыскерлерге бос тұрып қалу уақытына жалақысы ең төмен мөлшерде жалақы төлеулері керек. Ең төмен жалақы 42500 теңге болып табылады. Ал еңбек және ұжымдық шарттарында бос тұрып қалу уақытына төленетін ақының мөлшері ең төменгі жалақыны құрайды. Еңбек ақы шарттарда көрсетілген тәртіпке сәйкес төленетін болады, - деп хабарлады Алматы

облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Бауыржан Байғазыұлы.

 

Төтенше жағдайға сәйкес, мектептен босатылған балалардың ата-аналарының біреуіне ҚР заңнамасы сәйкес жұмыскер жылына бір рет ақылы демалысқа шығуға құқылы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.