ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысының орталығында бір адам вирус жұқтырды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.05.2020
Оқылды: 17 Печать страницы
Алматы облысының орталығында бір адам вирус жұқтырды

Алматы облысында тағы 7 адам коронавирустық инфекция жұқтырды. Оның біреуі облыс орталығы Талдықорған қаласының тұрғыны екені анықталды. Кеселге шалдыққан адам полиция қызметкері екені мәлім болды. Қалған 6 жағдай Кеген ауданында тіркелген. Барлық науқастармен қарым-қатынас орнатқандардан зертханалық талдау жасалу үшін сынама алынған.

Бүгінгі күнде Алматы облысында 190 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны ресми расталған. Ауру әлі күнге өршіп тұр. Оның өсу көрсеткіші 3,8 %-ды құрап отыр.

«Қазіргі таңда облысымызда профилактикалық скрининг әдісі енгізілген. Бұл – коронавирус инфекциясын жедел әрі сапалы, дәл анықтайтын заманауи әдіс. Мұндай әдіс енгізілгелі бері, жасырын індет ошақтарын, СОVID – 19 симптомсыз формалары белсенді түрде, жедел анықтауға септігін тигізіп жатыр»,-деп айтты Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы.

COVID-19 инфекциясымен күрес әлі де болса басылған жоқ. Осы ретте, скринингктен өтетін тұлғалардың тізімін кеңейту жоспарланған. Сондай-ақ, ПТР зертханалық зерттеулердің саны артқан. Тәулігіне 600- ден 1400-ге дейін талдау жасалынады.

Зерханалық зерттеудің арқасында қауіпті індетті жұқтырғандар санын осылай тез арада анықтап, оқшаулау және олармен тығыз байланыста болған адамдармен жұмыс істеу әдісін ұстанамыз дейді жауаптылар.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында 28 сәуірден бастап карантин шараларын жеңілдету басталған болатын. Бүгінде үшінші кезеңі жүзеге асуда.

Бұл шара жалғасын табатын болады. Алдағы 18 мамыр күні кәсіпорындардың 60% пайызы жұмысын бастап 155 мың адам қызметіне қайта кіріседі.

Елді мекеннің ішіндегі санитарлық және блок бекеттер алынып тасталғанын айта кеткен жөн. Тек, басқа аудан мен облыстарға қатынайтын жолдардағы бекеттер қызметін жалғастыруда. Қайрат Баймұхамбетов мырзаның айтуынша, егер де Талдықорған қаласында індеттің ілмегіне іліккендер саны артатын болса, жағдайға қарай қала карантинге жабылады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.