ӘЛЕУМЕТ

Әлеуметтік көмек алуға 24 589 өтініш берілген

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.07.2020
Оқылды: 9 Печать страницы
Әлеуметтік көмек алуға 24 589 өтініш берілген

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесі әзірленді.

Бір реттік берілетін әлеуметтік төлем табысынан толық айырылған жандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тек қана ағымдағы жылғы шілде айында, ең төменгі жалақы көлемінде - 42500 теңге беріледі.

Төлем азаматтардың келесі санаттарына қарастырылған:

1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

2)жеке кәсіпкерлер;

3) жеке тәжрибемен айналысушы адамдар (қорғаушы, заңгер т.б);

4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар 

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар 

Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген және әлеуметтік төлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары  арқылы өтініш қалдырады. Қалған санаттағы тұлғалар өздері өтініш береді. 

Жалдамалы қызметкер болып табылмайтын, төлем тағайындауға жататын азаматтар өтініш бере алады.:

- "электрондық үкіметтің" веб-порталы – egov.kz;

- портал 42500.enbek.kz;

- telegram-bot " Электрондық үкімет;

-Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Сондай-ақ, белсенді түрде де төлем тағайындау қарастырылған (ҚБП төлеушілер үшін).Соңғы рет төлем алған азаматтарға, олардың қызметі шектеулі болуы мүмкін, кіріс жоғалту фактісін растауды сұрайтын SMS-хабарлама келеді. Оң жауап беріп келіскен жағдайда төлемдер өтінішсіз тағайындалады

Қатаң шектеулі карантиндік шараларды қолдану салдарынан кірістерін толық жоғалту фактісі жоқ адамдарға бір реттік  төлем алуға жол берілмейді.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жұмыс берушілердің әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы өтініштерін жедел қарау үшін облыстың 19 аудандары мен қалаларында штаб жұмыс істейді Штаб құрамына Мемлекеттік кірістер департаментінің, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер палатасының және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіреді.

Қаралған өтініштер және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі штабтың қорытындысы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияға жіберіледі, ол істердің электронды үлгісін қалыптастырады және шешім жобасын МҚҚҚ-ның филиалына жолдайды.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесіндегі жағдай бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға аудандық (қалалық) штабқа 28 566 адамнан 24 589 өтініш түсті. Оның ішінде: 16 105 өтініш (18015 адам) штабта қаралуда. 4036 өтініш мақұлданды (5707 адам), 4448 өтініштен бас тартылды (4844 адам).

Келіп түскен 24 589 өтінімнің 34,5% -ы қаралды. Мемлекеттік фискалдық қызмет филиалы 10 845,8 млн.теңгеге 255196 істің үлгісін мақұлдады, оның ішінде 9 956,1 млн.теңгені 234262 алушыға төлеу керек.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.