ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 28.07.2020
Оқылды: 12 Печать страницы
Алматы облысында 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді

Бүгінгі танда Алматы облысы бойыншареспираторлық ауру белгілері бар, Сovid-19, пневмониямен ауыратын немесе күдікті пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді.

 

Жедел медициналық қызметке түсетін үлкен жүктемеге байланысты COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау үшін, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін және  асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшін шілде айында 391 мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылды. Бұдан басқа да, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді.

Мобильді бригадалардың жұмысын Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы жергілікті аймақтарда ұйымдастырды, қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Бригадалардың саны бес мың адамға бір мобильді бригада есебінен анықталадыХалыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. 

Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және медбике,  қажет болған жағдайда бейінді маман кіреді.

Мобильді бригадалар халыққа мынадай қызметтер көрсетеді: пациентті алғашқы тексеру, ауырлық дәрежесін бағалау; COVID-19 күдікті пациенттерді жедел және ПТР-тестілеу; көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама беру; қандағы оттегінің сатурациясы 93% төмендеген кезде консультациялық топ мүшесімен аудио-видеоконференция ұйымдастыра отырып, пульсоксиметрия жүргізу«COVID-19 Коронавирустық инфекция» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік заттарды тағайындау; үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу (бұл жағдайда мобильді бригада жедел жәрдем бригадасын шақырады).

Медициналық сақтандыру Қоры төлем жургізетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін пациенттер шағымдар мен ұсыныстарын Qoldau24/7 мобильді қосымшасында қалдыруға болатындығын хабарлайды, және осы мобильді қосымшасында әрбір азамат өзінің медициналық сақтандыру мәртебесін тексеріп, анықтай алады немесе сақтандыру мәртебесін растау үшін қажетті құжаттарды қосып тіркей алады.

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» 

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.