ӘЛЕУМЕТ

Құрметті көксулықтар!

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 31.07.2020
Оқылды: 9 Печать страницы
Құрметті көксулықтар!

Барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын! Ізгілік пен мейірімді, қайырым мен қанағатты арттырып, ізгі амалды тоғыстыратын мерейлі мерекені ауызбіршілікпен өткізу дәстүрге айналған. 

Алайда, биыл бүкіл әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген игі шараларлардан бас тартып, кейбірі кейінге шегеріліп жатқаны баршаңызға белгілі. Өкінішке қарай, қасиетті Құрбан айт күні ағайынды аралап, айттауға мүмкіндік болмай тұр. Індеттің ілмегінен сақ болу үшін әркім өз отбасында ғана болуға шақырамын. Құрбан шалып, ізгі амал жасаймын деген азаматтарымызға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қашықтықтан құрбан шалу жобасын ұсынып отыр. Ұлы ғибадатқа ниет еткен кез-келген азамат qurban2020.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, құрбан шалуға болады. 

Құрметті жерлестер! 

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты және қабылданған карантиндік шектеулерді ескере отырып, түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын. Біз бойымызға сіңген сабырлық пен ауызбіршілігіміз арқылы көптеген қиындықтарды бірігіп еңсеріп келеміз. Әрқашан бірлікте болсақ бұл ауыртпалықтан өтіп, жарқын күндеріміз жалғасын табады деп сенемін. 

Қасиетті Құрбан айтта әр шаңырақ қуанышқа бөленіп, молшылыққа, бақытқа кенелсін. Бірінші байлық - денсаулық. Дені сау ұрпақ - ел байлығы. Халқымыз ауырмасын.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.