ӘЛЕУМЕТ

Ескелді ауданында жер қатынастары бөліміне 620 өтініш келіп түскен

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 10.09.2020
Оқылды: 4 Печать страницы
Ескелді ауданында жер қатынастары бөліміне 620 өтініш келіп түскен

Мемлекетте әр саланың өз орны, атқаратын қызметі бар. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасы мен саны маңызға ие болып отыр. Бұл ретте жер қатынастары бөлімінің жұмыстары жайлы айта өткен абзал.

Негізінен жер қатынастары саласы Қазақстан Республикасының Премьер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартқа сәйкес бір мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Яғни, жер учаскесінің жеке меншікке бірден ақысын төлеп немесе бөліп төлеуге сату мемлекеттік қызметі.

Бір ғана Ескелді аудандық жер қатынастары бөліміне қатысты жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ағымдағы жылы 596 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту санаты шеңберінде 382 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, аталған салаға келіп түсетін өтініштер легі толассыз болып табылады. Ресми мәліметтерге ден қойсақ, жер қатынастары бөліміне 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 620 өтініш келіп түсіп, оның ішінде жеке тұлғалардан барлығы 564 өтініш, заңды тұлғалардан 84 өтініш келіп түскен.

«Бөлім жұмысының маңызды мақсаты арыз шағымдарды уақытылы орындау болып табылады. Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерінің стандарттары қағаз түрінде кью-ар кодпен жасалынып қабырғаға ілінген болатын»,- дейді Ескелді ауданы жер қанытастары бөлімінің басшысы Болат Есболатов.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.