ӘЛЕУМЕТ

Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу (Брифинг)

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 14.10.2020
Оқылды: 169 Печать страницы
Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу (Брифинг)
Жылыту маусымы кезеңінде көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу, сұйық және қатты отынмен жанатын пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындарға жеткізу мақсатында, Алматы облысы Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен ағымдағы жылдың 13 қазанда «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өткізілді. 
  Брифингке аудандық «Нұрлы Көксу» баспасөз басылымының өкілдері шақырылды. 
Кіріспе сөзбен, аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Абдураимов Қуаныш Нұржанұлы сөз сөйледі. Ол аудандағы 2019-2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып, тұрғын сектордағы өрттердің талдауын, өрттерде және өрттер деп есепке алынбайтын жағдайлар кезінде адамдардың көмірқышқыл газымен улануы және қаза болғандардың есебін жеткізді. Көксу ауданының ТЖБ мен №8 ӨСБ-і қызметкерлерімен, жылу беру маусымында, тұрғын-үй секторында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары туралы баяндады. 
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері өздеріне тиесілі сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды. 
Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға жеке меншік тұрғын-үй секторында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауын ескертеді.
 
Көксу ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Дархан Айдарұлы
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.