ӘЛЕУМЕТ

Облыс бойынша тұрғын үйдің 65%-ы қатты отынмен жылытылады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 14.10.2020
Оқылды: 167 Печать страницы
Облыс бойынша тұрғын үйдің 65%-ы қатты отынмен жылытылады

Алматы облысында ағымдағы жылы 927 өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 13,8 %-ға төмендеген. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды.

 

Жыл басынан бері облыстағы тұрғын үй секторында тілсіз жаудың шарпуы 526 рет орын алған. Салдарынан 23 млн.260 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

 

Жалпы облыс бойынша есепте 386 мың 870 жеке тұрғын үй бар, оның ішінде шамамен 65% қатты отынмен жылытылады.

Төтенше жағдайлар департаменті тіркеуде тұрған үйлердің 45 мың 803-ін тексерген. Кезекті профилактикалық шара барысында 1 867 бұзушылық анықталған.

Тек қана, қатты отын салдарынан емес,табиғи газды қолдану барысында оқыс оқиғалар тіркеледі дейді амандар.

«Өткен кезеңде газ жарылуының 2 жағдайы анықталған. Соның кесірінен 9 адам зардап шегіп, 3 азамат көз жұмған. Бұның барлығы қауіпсіздік ережелерін ұмыт қалдырумен, орталық газға қосылған қондырғыны дұрыс пайдаланбаудан болған келеңсіз жайыт»,- дейді Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар басқармасның басшысы Қанат Алтынбеков.

Қылышын сүйретіп қыс келгенде тек жылыту құраладарынан ғана қауіп келмейді. Төрт мезгілдің қытымыр кезеңінде жолдан келер қатер тағы бар-ды.

Айта кету керек, Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 2822 км құрайды.

Қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ АОФ бойынша комиссия құру және инженерлік-техникалық қызметкерлерді жол учаскелеріне бекіту шаралары жүргізілген. Көк тайғақ жағдайында қолданылатын материалдар мен қажетті жол техникаларын дайындау жұмыстары іске асырылуда дейді жауаптылар.

«Былтырғы жылдың жұмыс қорытындысына сәйкес, қауіпті және қар басатын аумақтар анықталды. Олар: Кеген (44-60 км), Арқарлы (142-150 км), Когурим (547-550 км), Алтын Емел(45-65 км), Ырғайты (105 км), Аласы (17-24 км), Көкпек шатқалы (152-165 км) және т.б.», -деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" АҚ-нің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Саймасай Алмұхамбетов.

Алдағы таңда, жоғарыда аталған автожолдарда арнайы вагондар орнатылмақ. Қатер аяқ астынан демекші, алда-жалда қар құрсауында қалған жолаушылар болса сол вагондарды паналайтын болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.