ӘЛЕУМЕТ

''Nur Otan'' кәсіпкерлерді қолдайды! Онлайн форматтағы кездесу

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 06.11.2020
Оқылды: 146 Печать страницы
''Nur Otan'' кәсіпкерлерді қолдайды! Онлайн форматтағы кездесу

«Nur Otan» партиясының Көксу аудандық филиалы кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысын өткізді. Кездесу онлайн форматта жүргізілді. Кездесуге аудандық мәслихаттың депуттаттары мен бизнес қауымдастық өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер қатысты. Жиында шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі болып отырған мәселелер қаралды. Сонымен қатар онлайн басқосу барысында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов «Nur Otan» партиясының жеке меншікке қол сұқпауды, ашық бәсекелестікті, қолайлы инвестициялық ахуал құруды, өңірлердің үйлестірілген дамуын, инновация мен экспортты ынталандыруды, экономиканы диверсификациялауды, инфрақұрылымды дамытуды жақтайтынын атап өтті.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.