ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында карантин режимі өзгертілді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 11.11.2020
Оқылды: 181 Печать страницы
Алматы облысында карантин режимі өзгертілді

Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас облыс аумағына санитарлық бекет орнатылды. Өңірге кіріп-шығатын азаматтарға сауалнама мен медициналық тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бекеттерге жұмылдырылған қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен тамақтану және жылыту пунктімен қамтамасыз етілген.

 

«Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус инфекциясының 5237 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәулікте облысымызда COVID-19 пневмониясының 13 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны 0,2% құрады. Осыған байланысты №31 қаулы бойынша карантин режимі өзгертілді»,– деді Асхат Чарапиев.

 

Енді Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде сыйымдылығы 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтады.

 

Ойын сауық, спорттық іс шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар) өткізуге және адамдар көп жиналатын өзге де іс шараларды өткізуге әлі де қатаң тиым салынуда.

Халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің қызметі, мысалы автожуу, автомобильдерді жөндеу, шиномонтаж орталықтарына шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Моншалар, сауна, СПА орталықтарының жұмысы жалғасуда, бірақ толымдылығы 50%-дан аспауы керек.

Ал, демалыс және мерекелік күндері ойын сауық кешендерінің қызметі толығымен тоқтап, қоғамдық тамақтану объектілері жеткізу әдісімен жұмыс істейді

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.