ӘЛЕУМЕТ

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 24.11.2020
Оқылды: 109 Печать страницы
КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Қарашаның жиырма үші күні партиялық бақылау комиссиясының мүшелері үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен кездесті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов пен партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Мадина Кубиева, үкіметтік емес ұйымның жетекшілері мен ауданның Жастар орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсембаев және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі" атты тақырып талқыланды. Жиынды Мәлік Аманбайұлы ашып, жүргізіп отырды.

    Алғаш болып сөз сөйлеген Мадина Кубиева үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы мен еліміздің қоғамдық саяси өмірі жайында баяндады. Ол өз баяндамасында: "Құрметті партиялық бақылау комиссиясына қатысушылар! Бүгінгі менің  сіздермен партиялық бақылау комиссиясының отырысы аса маңызды іс-шаралардың бірі деп санаймын. «Nur Otan» партиясы өзінің іс-шара жоспарында үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп  пікір алмасуды жоспарлаған. Бұл дегеніміз  біздің  партия  үкіметтік  емес  ұйымдармен тығыз  байланыс  орнатуға  ниетті  екенін  көрсетеді. Осы  орайда мен бір еліміздің қоғамдық  саяси өміріне көз жүгіртіп өткім келеді.

    Тұңғыш Президент 1991 жылы: "Біз тәуелсіздікке зарығып жеттік. Ендігі  кезекте Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай  сақтауымыз керек",- деп барлық отандастарына үндеу тастап еді. Осылай тәуелсіздіктің екінші  онжылдықтарында  еліміздің  әлеуметтік қоғамдық өмірінде  алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар құрылып, қызмет ете бастады. Бүгінде  аталған ұйым еліміздің қоғамдық  салаларының барлығында құрылып үлкен күшіне айналды. Осы орайда өз ауданымызға тоқталып өтсем, ауданымызда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің жанынан құрылған кеңес жұмыс істейді. Құрамында бөлім басшылары, саяси партия, қоғамдық ұйымдар, белсенді азаматтар өкілінен құралған 13адам бар. Аудан бойынша  бірлесіп атқаратын  ортақ жұмыс жоспары  жасалынған. Сонымен қатар аудан бойынша үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру жөнінде 2010-2020 жылдарға арналған медиа жоспар  бекітілген. Қазіргі жағдай бойынша аудан көлемінде 5 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Осы атқарылған жұмыстарға аудандық «Nur Otan» партиясы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы қолдау көрсетіп отырды.

    Құрметті жиынға қатысушылар!

    Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: "Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай ақ аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет",- деп атап көрсеткен. Үкіметтік емес ұйымдарды дамытуды қолдауға бағытталған, оның ішінде азаматтық қоғам институттарымен диалогтік алаңдарды белсендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс қимылының маңыздылығын ұғамыз.

Қазіргі кездегі тұрғындарды алаңдататын өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін ҮЕҰ-дың өз бағыттары бойынша бірінші басшымен кездесулер ұйымдастырып өткізілуде. Белсенді ҮЕҰ-дың әлеуметтік саяси бағыттары және Қоғамдық кеңесте қаралған өзекті мәселелер бойынша позитивтік пікірлері БАҚ-та әлеуметтік желілерде жариялануда. Ауданда үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды жобаларға 2019 жылы облыс тарапынан – 3 млн. теңге қаржы бөлініп, 3 – лот бойынша жобалар байқауы өткізілді. Жеңімпаздары анықталып, ұтып алғандармен келісіп шаттар жасалды. Алдағы уақытта жоспарға сай жұмыстар атқарылады. Көксу ауданы Балпық би ауылындағы Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – ортақ шаңырағым» атты мерекелік іс-шара өтті. Мереке этно-мәдени көрмеден басталады, ауданда тұратын барлық ұлттар мен халықтар өкілдерінің ұлттық бапаналары, шағын мұражайлары, онда тұрмыстық заттар, дәстүрлі киім-кешек, белгілі бір халықтарға тән әшекейлері орналастырылды және ұлттық билері қойылды.

Ауданда қоныстанған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері ұйыған бір отбасындай тату-тәтті өмір сүріп, «Масленица» мейрамы, «Алғыс айту күні», «Наурыз» мерекесін тағы басқа мейрамдарына арналған мәдени, саяси-бұқаралық шараларда үкіметтік емес ұйымдар, ақсақалдар белсенділік танытып ұлттық мерекелерін атап өтуге ат салысты. «Көксу Жастары» қоғамдық бірлестігі ұтып алған қаржысы 428 571 теңге. 3 Дөңгелек үстел, 2 кездесу, аудандық газетке 3 мақала жарияланды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерге ақпарат салынды. 6-шы жоба: «Ел мақтанышы – Мемлекеттік Рәміздер». Еліміздің Рәміздері насихаттау аясында іс-шаралар ұйымдастыру; «Үш ұрпақ» қоғамдық бірлестігі, ұтып алған қаржысы 557 143 теңге. «Ел мақтанышы – Мемлекеттік Рәміздері» атты тақырыбында сурет салудан оқушылар арасында конкурс ұйымдастырылды. 1 ақпараттық түсіндіру шарасы, 2 дөңгелек үстел, 1000 дана брошура, 1концерттік бағдарлама, 3кездесу өткізілді.

    Сөз соңында айтарым, азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік - экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғы шарттарының бірі. Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі дамыту бүгінгі күннің басты қағидаттарының бірі болып отыр. Сондықтанда Сіздермен бас қосып  сұхбат өткізейн деп шақырдым",- деді.

   Партиялық кеңес төрайымының баяндамасынан кейін, жиын барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінен түскен ұсыныстар қаралды. Соның бірі, "Нахичивань" этно-мәдени орталығының жетекшісі Фахридин Джабрайловтың ұсынысы. Оның айтуынша қазіргі таңда түрлі техникаларды жүргізіп, күш жұмсап қара жұмыстарды істейтін жастар аз, мүлдем жоқ десе де болады. Нақтысын айтқанда, барлығы бірден бастық болғысы келеді дейді. Ал, жағдайдың бұлай болуының себебі неде, жастарды қалай жұмысқа жұмылдыруға, қызығушылықтарын арттыруға болады деген пікірін білдіріп, осы жөнінде партия өкілдерімен және Жастар орталығымен бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Кездесу соңында осы айтылғандарға байланысты ұсыныстар қабылданып, айтылған басқа да мәселелер өз шешімін табатын болды.

 

ӘЛИЯ ИМАНЖАНТЕГІ

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.