ӘЛЕУМЕТ

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 05.01.2021
Оқылды: 975 Печать страницы
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған сайлауалды бағдарламасын Көксу ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және экспромт-кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары  жүзеге асырылуда. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып, жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Көксу ауданы және оған қарасты елді мекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда. Үгіт-насихат шаралары ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар түсіндірме парақтары таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған. 

    Қаңтардың бесінші жұлдызында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер партияның сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Үміткерлер тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты толғандырған сауалдарға жауап берді. Тұрғындардың басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын жақсарту, жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша өз ұсыныстарын айтты. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталғанын баса айтқан жөн. Үгіт-насихат жұмыстары санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, өткізілуде.

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы Көксу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.