ӘЛЕУМЕТ

Сайлау барысын бақылаушылардың міндеттері түсіндірілді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 05.01.2021
Оқылды: 913 Печать страницы
Сайлау барысын бақылаушылардың міндеттері түсіндірілді

Алдағы сайлау науқанына дайындық қызу. Тіпті бұл жұмыстар қарашаның 4 жұлдызында бастау алған. Бұл жолғы сайлауды Қазақстан Азаматтық Альянсы жанындағы партиялық емес, дербес байқау орталығы бақылайтын болады.

Жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысының аудан, қалаларындағы 20 үйлестіруші арнайы оқудан өтті. Сайлау барысын бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау тұрғысынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен танысуды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының экс-мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы жүргізді.

Сондай-ақ, 10 желтоқсанда аймақтық штаб өкілдері Алматы облысының Азаматтық Альянсының басшысы Жанар Нұрмұхановамен, кәсіподақтардың облыстық аумақтық кәсіподағының басшысы М.Төлепбергеновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бақылаушыларды даярлау мәселелері қарастырылып, бақылаушылардың толық ынтымақтастықта жұмыс жасайтындығына сенім білдірілді.

Сонымен қатар, «НұрОтан» партия филиалының басшысы Жанболат Жөргенбаевпен, «AqJol» партия филиалының басшысы М.Шинасиловамен, «Адал» партия филиалының басшысы Д.Боранбаевпен, «Ауыл» партия филиалы басшысының орынбасары С.Әубәкіровпен және «Қазақстан халықтық партиясы» партия филиалы басшысының орынбасары О.Ибраимовпен өзара іс-қимыл және сайлау процесіне дайындық мәселелерін жұмыс тәртібінде талқыланды.

Штабтың жұмысымен таныстыру, жұмыс байланысын құру және одан әрі өзара әрекеттесу мақсатында 2020 жылдың 20 желтоқсанында штаб өкілдері Алматы облысының сайлау комиссиясының басшысы Т.Дәуітовпен және Талдықорған қаласы сайлау комиссиясының басшысы Е.Қошанбековпен кездесті.

Естеріңізге саламыз, Қазақстанның Азаматтық Альянсынан байқаушыларының Алматы облысындағы штабы Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 127 мекен-жайында орналасқан.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.