ӘЛЕУМЕТ

2021 жылы МӘМС-ке кім және қанша төлейді?

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 11.01.2021
Оқылды: 539 Печать страницы
2021 жылы МӘМС-ке кім және қанша төлейді?

:mag_right: Сақтандырылғаныңыз туралы өзіңізге қолайлы әдіспен тексеріңіз: • Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайты fms.kz (оң жақ төмен бұрыштағы терезе) • Электронды үкіметтің egov.kz сайты (Жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімі) • Saqtandyru-bot Telegram боты (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі) • Qoldau 24/7 ұялы қосымшасы (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі) МӘМС-ке қанша төлейміз? Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, ай сайынғы МӘМС төлемін төлеушілер санатына қарап, анықтаңыз: • 15 жеңілдік санатындағы азаматтарға жарна мемлекет тарапынан төленеді; • Жалдамалы жұмысшы – жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарна аудару объектісінің 2% (2019 жылы – 1%) және еңбекақы төлеу қорының 2% көлемінде аударады; • ЖК, ШҚ иелері, жеке іспен айналысатындар – 2975 теңге (ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы); • Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар (жалдамалы жұмысшысыз және ЖК тіркелмей қызмет көрсететіндер)/бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (2021 жылғы 1 қаңтардағы АЕК – 2917 теңге), басқа елдімекендер үшін – 0,5 АЕК (2021 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш – 1458,5 теңге); • Өз бетімен төлеуші – ең төменгі жалақының 5% (2125 теңге); • Азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін жеке тұлғалар – табысының 2% (2020 жылы 1% ұсталды), бұл тұста мүмкін болар ең жоғарғы төлем – 8500 теңге (яғни, ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінің 2%, 425 000 х 2% = 8 500).

 

МӘМС-ке қайда төлейміз?

Сақтандыру жарнасын: - екінші деңгейлі банктер мен олардың интернет-сервистері; - Kaspi.kz ұялы қосымшасы; - «Қазпошта» АҚ бөлімшелері; - төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.); - медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.