ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 826 мың дана «Сиверс» алмасы отырғызылады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.06.2021
Оқылды: 1326 Печать страницы
Алматы облысында 826 мың дана «Сиверс» алмасы отырғызылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамсына сәйкес, мемелкеттік орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар Алматы облысында қарқынды жүзеге асуда.

Осы мақсатта Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Алматы облысы әкімдігімен және табиғат қорғау мекемелерімен бірлесе 2021-2025 жылдар аралығындағы Алматы облысының ормандарын молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту бойынша Кешенді жоспарын әзірледі.

Аталған жоспарға сәйкес 5 жыл ішінде 83 млн. ағаштың 71 млн. данасын тұқым себу арқылы, 12 млн. данасын көшет отырғызу арқылы құру жобаланған.

Тарқатып айтар болсақ, 3 млн. 193 мың дана шренк шыршасы, 308 мың қарағай, 237,3 мың терек, 95 мың қайың, 4 млн. 544 мың қарағаш, 621,4 мың жиде, 234,2 мың тал, 540,83 мың дана өрік пен қызыл кітапқа енген «Сиверс алмасынан 826 мың дана, сондай-ақ сексеуілдің 71 млн. данасы отырғызылады деп көзделген.

«Облыс аумағында Мемлекет басшысының орман қоры жерінде 2 млрд. ағаш отырғызу туралы тапсырмасын облыс әкімдігіне қарасты 14 орман шаруашылығы КММ, 3 МҰТП, 1 МТР, 1 МДП және 1 Селекциалық-тұқым өсіру орталығы іске асуын орындайды. Жоғарыда аталған мекемелерде орманды молықтыру жұмыстарын орындауға қажетті стандартты отырғызу материалдарымен қамтамасыз ететін 30 дана орман тұқымбақтары бар»,-дейді Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрқуат Қонысбаев.

5 жыл ішінде жобаны қаржыландыруға жобалау-іздестіру жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд 78 тыс. теңге бөлу, жергілікті бюджеттен ағаш отырғызу көлемін орындауға және талапқа сай келетін техника мен құралдар алуға – 3 млрд. 330 млн. тенге бөлу қарастырылған.

Бөлінген қаржы есебінен 31 арнайы авто техника, өндірістік мақсаттағы құрал-жабдықтар алу жоспарланған.

Негізінен, өңірдегі мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы аумағы 5,4 млн. га құрайды. Бұл облыстың 24,1%-ын қамтиды. Орманмен көмкерілген жер көлемі 2 млн. га. Облыс аумағының ормандылығы 8,3 %. Орманды жерлердің басым бөлігі Кеген және Балқаш аудандары аумағына тиесілі. 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.