ӘЛЕУМЕТ

Суға шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі!

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 10.06.2021
Оқылды: 1366 Печать страницы
Суға шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі!

Ата-аналық қамқорлық етудің ең маңыздысы - балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау болып табылады. Су айдынында баланы қауіптен барынша сақтау үшін, оларды өзендерде, каналдарда немесе теңізде өздерін дұрыс ұстауды ұйрету қажет. Кей кезде ата-анасы балаға бірнеше минут ғана көңіл бөлмеуінен, баланың судың жағасының өзінде ауыз-мұрнына су кіріп кетіп тұншығып қалуы да мүмкін. Балалармен байланысты қайғылы оқиғалар тіпті таяз бассейндерде орын алуы мүмкін, сол себептен балалар суға шомылғанда әрқашан ата-аналарының жіті бақылауында болуы тиіс. Жанұяның кіші балаларының өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті ересек балаларыңызға жүктеуге болмайды, өйткені – оларда әлі бала. Тек қана балаларды уақытылы су айдынындағы тәртіпке үйрету және ата-аналық қырағы назары балалардың суға шомылудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Балаларды қайғылы жағдайлардан сақтап қалатын қарапайым сақтық шаралар: - балалар арнайы суға шомылуға арналған, күл-қоқыстан таза жағажайларда шомылуы тиіс; - балаларды суға шомылуға таңертең немесе кешке, күннің қызуы қатты болмаған кезде және судың температурасы 20 С төмен болмаған жағдайда шығару қажет; - баланың ағзасына тоңазытылуды келтірмеу үшін баланың судың ішінде болу уақытын бірте-бірте 5-7 минуттан бастап ұлғайту қажет; - баланың сіңірі тартылмау үшін, ол судың ішінде тым ұзақ отырмауы тиіс. Баламен міндетті түрде су айдынындағы тәртіп ережелері туралы түсіндіру қажет, сонымен бірге оған су айдынында тентектіктің нәтижесі жаман, ал зардаптары түзелмейтінін жеткізу қажет.
Балалар ересектерге еліктеуді жақсы көреді, сондықтан ата-аналар балаларын кездескен қауіптерден қорғап қалуға талаптанғанда біріншіден өздері су айдынындағы тәртіп ережелерін ұмытпауы абзал!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.