ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанда басқа елдердегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.11.2021
Оқылды: 2096 Печать страницы
Қазақстанда басқа елдердегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген

Қазақстанға келген шетелдік азаматтарға 30 күнге дейін уақытша тұруға рұқсат етіледі. Егер олар 30 күннен астам уақытқа келген болса, міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.

Ең алдымен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін мигранттар Қазақстаннан жұмыс беруші тауып, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасаcуы керек.

Ары қарай көші-қон қызметтері орталығында ЖСН алады. Бұл мемлекеттік баж салығын төлеу үшін қажет.

Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

- еңбек мигрантына рұқсат алу туралы өтініш;
- жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемді төлегені туралы түбіртек;
- Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт;
- 075 / у нысандағы медициналық анықтама;
- саусақ іздері мен фотосуретке түскендігі туралы анықтама;
- медициналық сақтандыру;
- еңбек шарты.

Фото, видео, саусақ іздерін тіркеуді көші-қон қызметтері орталығында немесе көші-қон полиция қызметінде жасауға болады.

Рұқсат мерзімін жеке тұлғалар бір жыл ішінде 3 ай сайын ұзартып тұрады.

Қызмет көші-қон қызметтері орталығында немесе электронды портал арқылы қолжетімді.

Жеке тұлғаларүшін - тегін.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.