ӘЛЕУМЕТ

Онлайн түрде басшыны өзгерту

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.11.2021
Оқылды: 2424 Печать страницы

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2 бабына сәйкес, басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген) жағдайда заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.
          2021 жылы электрондық үкімет порталы  арқылы басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау)  рәсімі бойынша қызмет әзірленді.
           Арыз тағайындалған басшымен (мұраға тағайындалған сенімгерлік басқарушысымен немесе сенімгерлік басқарушыны тағайындау туралы куәлік рәсімдеген нотариуспен; бас мекеменің басшысымен; заңды тұлғаның өкілімен) негіз болып табылатын құжаттың (бұйрық, шешім) pdf  пішімінде сканерленген көшірмесін қоса отырып, ЭҮП арқылы беріледі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.