ӘЛЕУМЕТ

Айлардың сұлтаны Рамазан

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 18.04.2022
Оқылды: 3714 Печать страницы
Айлардың сұлтаны Рамазан
Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы сәуірдің 2-нен бастау алды. Араға жылдар салған карантиннен кейін есігін айқара ашқан аудан орталығындағы Балпық би ауылындағы мешітке келушілердің ахуалын білмекке арнайы бардық. 
Мешіт ауласына оң аяқпен аттағанымыз сол еді, мешіт имамы Еділбек Ерімбет ағамыз бізді жылы шыраймен қарсы алды. Мешіт айналасы жасыл желекпен көмкерілген, таза аула бірден көзге түседі. Кешқұрым ауызашарға 70-100 шамасында адамға дастархан жайылып, ауыз аштырылады екен. Сәрсенбінің сәтінде біз барған ауызашарда сорпа дайындалыпты. Дастархандағы азын аулақ асқа қарап көзің сүйсінеді. Мешітте ішкен астың өзі ысырапшылдықты қоюға, аста төк дастархан жаймауға үгіттеп тұрғандай. 
Сондай-ақ, мешім имамы Еділбек ағамыз келген жамағатқа діни уағыздар айтып, тұрғындарды елдікке, ауызбірлікке, ең бастысы бір-біріне көмектесуге, оң көзқараспен қарауға дәріптеп, тарихи оқиғалардан әңгіме өрбітті. 
- Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда Рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылу қажет. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді»-деген (Имам Бухари).
Ұлы ғұлама ғалым Хафиз ибн Раджаб: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің сүйікті сахабаларын Рамазан айының келуімен құттықтайтын»-деген. Бұдан байқайтынымыз адамдардың бір-бірін Рамазан айының келуімен құттықтау, шариғатымызда құпталған амал екендігіне негіз болмақ. Салман Фариси атты сахаба (р.ғ.) былай дейді: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) шағбан айының соңғы күндерінде айтқан құтбасында бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді-кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі,-деп оқыған, білгендерімен бөлісті.   Иә, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмау үшін мұсылман қауым барын салады. Бұл ай жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани күйде жүрген әрбір мұсылман мол сауап жинауға мешітке асығуда. Тұрғындардың бір-бірімен әңгіме өрбітіп, жамағат болып намаз оқып, Тарауихқа асыққанын көріп, еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі болса екен деген тілек тіледік.
Айта кетері, биыл Рамазан айы 1 мамырда аяқталады. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады. 

 

Меруерт РАХМИШОВА

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.