ӘЛЕУМЕТ

Көксу бөрісі - 2022

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 18.04.2022
Оқылды: 3710 Печать страницы
Көксу бөрісі - 2022

   2022 жылдың 14 сәуір күні Балпық би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Көксу ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Көксу бөрісі» аудандық  іріктеу турнирі өтті. Іріктеу турниріне 10 округтен 20 палуан қатысты.  Жарыс қорытындысы бойынша І орынды жеңіп алған Алғабас ауылдық округінің намысын қорғаған палуан Нияз Ерсайын қарсыластарын ойсырата жеңіп, «Көксу бөрісі» атанды.  ІІ орынды алғабастық палуан Төкен Айбар иеленсе, ІІІ орынды
Арқалық Баймуханбет қанжығасына байлады.
  Жеңімпаздар медаль, грамота, кубок, сертификаттармен марапатталды. Бірінші және екінші орын алған палуандар «Жетісу бөрісі» облыстық турниріне жолдама алды.  Лабасы ауылдық округінен қатысқан Жанат Байасылов «Ардагер палуан»,  Айнабұлақ ауылдық округінен қатысқан Жалғас Сүлеймен «Жас палуан» атанды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.