АБАЙ 175 ЖЫЛ

Дала Құнанбайы

Тарихи тұлға, би, аға сұлтан, заманының көрнекті қайраткері Құнанбай Өскенбайұлы туралы сөзімізді бастамас бұрын абайтану ілімінің негізін салушы Мұхтар Әуезовтің мына сөздеріне тоқталайық: «Құнанбайдың кім екенін білмесек, Абайдың кім болғанын білу қиын, бұлар заманның туындысы...». Қарқаралы дуанының болысы болған Құнанбай Өскенбайұлын алғаш кездескеннен, оның табиғатынан ойшылдық пен кемеңгерліктің, таза ақылдың иесі екенін бірден байқаған поляктың белгілі демократы Адольф Янушкевичтен бастап ол жайлы біршама деректер бізге жетті. Оның сапарнамалық күнделігінде: «Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдард...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 18.06.2020

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына

Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 16.06.2020

Абайдың қара сөздері

ЖЕТІНШІ СӨЗ Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демелік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқа...
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 16.04.2020

Абайдың бесінші қара сөзі

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр. Бұл мақалдарда...
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 07.04.2020

Сарқан ауданында «Абайдың жолы-дара жол» атты байқау өтті

Қазақтың нар тұлғаларын тізбектейтін болсақ әрине ең алдымен Абай Құнанбаевтың есімі ойымызға келетіні белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек», - деген еді. Биылғы жылы ұлт мақтанышы Абай атамыздың туылғанына мерейлі 175 жыл толып отыр. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде «Абайдың жолы-дара жол» атты аудандық байқау және кітап көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Шара барысында Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндер, сурет, қара сөздерін оқу және Абай өмірінен сыр шертетін қысқаша көрініс байқауы өтті. Байқауға ауд...
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 11.03.2020

Абай Құнанбайұлының дін және сенім туралы ойлары

Абай Құнанбайұлы қазақтың бас ақыны болып қана қойған жоқ, сонымен бірге қара сөздерімен халықты тәрбиелеп, адамгершілікке, имандылыққа шақыра білді. Оның «Он үшінші», «Отыз сегізінші» қара сөздері – соның дәлелі. Қазіргідей діни мәселелер ушығып тұрған заманда осындай ойшылдарымыздың сөзіне құлақ түрмеске болмайды. Себебі, олардың сөзі «өлмейді», қашан да құнды. Абайдың әкесі азан шақырып қойған аты Ибраһим еді. Бірақ оны әжесі «Абай» деп еркелеткен. Кейіннен осы атпен елге танылды. Бала күнінде «Ахмет Риза» медресесінде дәріс алып, хат таныды. Қарап отырсақ, қазақ зиялыларының көпшілігі діни сауатты болған. Сол секілді Абайдың шығармалары да діни тақырыптан кенде емес. Мәселен: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп Және хақ жолы осы деп әдiлеттi» деген өлең жолдары соның дәлелі болса керек. Сондай-ақ, ұлы ақын иманның тек тілде ғана емес,...
Толығырақ... Оқылды: 156 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 06.03.2020

Командирлер сайысы

Жуырда Жамбыл атындағы орта мектептің базасында аудандық мектеп оқушылары арасында Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әскери-патриоттық «Үздік командир-2020» байқауы ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат - оқушыларды әскер қатарындағы взвод командирінің жауапкершілігін ұғындыру, отансүйгіштікке және ептілікке, мықтылыққа тәрбиелеу. Байқау таныстыру, «Жігітке жеті өнер де аз» өнер сайысы, тарих және АӘТД пәні бойынша сұрақ -жауап, ашық хат жасау, жылдамдыққа және сапалылыққа картоп тазалау, автоматты шашып, қайта жинау, «Күш атасын танымас» гір тасын көтеру сияқты номинациялардан тұрды. Байқауда әділқазылық етуге Ауған соғысының ардагерлері, аудандық спорт мектебінің, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» және аудандық білім бөлімінің мамандары шақырылды. Жалпы саны 20 мектептің ең үздік деген командалары өз білімдерін, мықтылықтарын және өнерлерін ортаға салды. Байқаудың...
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 28.02.2020

АБАЙ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

Биыл ұлы ақын, философ, саясаткер Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толады. Ұлы ақынымызды дәріптеп, жас ұрпақтың ұлттық болмысын ояту мақсатында, Жарлыөзек ауылдық округі Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің кітапханасында «Ұлылардың ұлысы –Абай» атты тәрбиелік сағаты өтті. Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж.Қасымова, кітапханашы Ш.Иланова және ата-аналар мен оқушылар қатысты. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойғы рухани қазынасы мен мәдениеті. Қанша жылдар өтсе де, заман өзгеріп қоғамның санасы басқа арнаға бұрылса да, бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне бүгінгі уақыт айқын көз жеткізді. Қазіргі таңда оның ұрпақтарына қалдырып кеткен асыл мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас айнасы, жол сілтеушісі болып келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен...
Толығырақ... Оқылды: 91 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 28.02.2020

АБАЙ ЖОЛЫ – ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ

«Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады», - деп жазды Мұхтар Әуезов. Осы ретте өткеннен өнеге ала отырып Лабасы ауылдық округінің әкімі Ерік Тұрғанбаевтың қолдауымен Мәмбет ауылдық кітапханасы кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде 2020 жылы бүкіл ел болып оқуға М.Әуезовтың «Абай жолы» романының таңдалуына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай жолы- ғасырлық туынды» атты округ жастар...
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 28.02.2020

Ұлы Абай әлемі

Ғасырдан ғасырға жалғасып, мың жыл өтсе де ескірмей керісінше алмастай жарқырап,әр пенденің жан дүниесін баурап алып, сезімін иітіп әкететін бір жұмбақ әлем бар. Ол – поэзия патшалығы. Сол поэзия патшалығы иелерінің артына қалдырған асыл мұрасы , алтын қазынасы, ұлы сезіммен жазылған жыр дастандары халықтың жүрегінде сақталып, көңілінде қатталып, мәңгі жасайды. Оған дәлел Абай жырлары. Абай - қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені айқын шындық. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып, түсіне алсақ , өткен заманғы елдің жайын , халықтың тағдырын , ой-арманын тани аламыз . Және сол арқылы қазіргі заманды , кейінгі мен бүгінгіні, келешегімізді бағдарлаймыз.Осы орайда Көксу аудандық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Қазақтың өр тұлғалы ұлы ақыны» атты байқау өткізілді. Бұл шара ақынның шығармашылығына жастар арасында қызығушылығын арттыру мақсатында өтті. Байқау...
Толығырақ... Оқылды: 91 Санат: АБАЙ 175 ЖЫЛ Уақыты: 21.02.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.