ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛЫ

ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ – ӘЛ-ФАРАБИ

Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. «Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті», - дейді «Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы «Әл-Фараби музейі» атты деректі фильмінде. Ғұлама ғалым түркі тайпасынан шыққан. Бұған дәлел оның толық аты-жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Оның түркі тайпасынан шығуын филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі растайды. &la...
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛЫ Уақыты: 31.01.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.