ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Тәуелсіздік туы — асқақ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - бұл халқымыздың маңдай терімен жеткен жетістіктері, сонымен бірге - жаңа тарихи сын. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Дегенмен, Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерді тізгіндеп, олардың әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұрғанына назар аударды. «Көреген басшы елді өсіреді...
Толығырақ... Оқылды: 917 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 01.07.2021

Әкем, анам және мен - шынығамыз біз спортпен

4 маусым күні Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты облыстық жарыстарының финалдық кезеңі өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған жарысқа, аудандық және қалалық әкімдіктерден 15 жеңімпаз команда қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 28 мамыр мен 2 маусым аралығында облысымыздың барлық өңірлерінде «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты спорттық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Бұл іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ра...
Толығырақ... Оқылды: 1442 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021

Адалдық- арыңның айнасы

Адалдық-адамның бойындағы ең асыл қасиеті, жанның тазалығы, тұлғалық көркем көрінісі. Адалдық- шыншылдық, турашылдық, пәктік, ар-ұждан, ұят тәрізді игі қасиеттердің жиынтығы. Адалдық әрбір адамның, тұлғаның қалыптасуында кем болса болмайтын бағалы қасиет. Осы бағалы қасиетті мұра еткен Ұлы Абай атамыз 29-шы қара сөзінде: «Адал еңбекпен мал іздемек, ол арлы адамның ісі» ал, 37-ші қара сөзінде: «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың»,- деп өлмейтұғын сөз қалдырған. Бабаларымыздан қалған «Тәрбие басы- тал бесіктен басталады»-деген нақыл сөзі бар. Салт-дәстүрге берік халқымыз тәй-тәй басқан баланы ешкімнің ала жібін аттамасын, адал мінез-құлықпен өссін деген ниетпен ала жіппен тұсауын кескен. Бұл салт-дәстүрдің өзінде үлкен тәлім-тәрбие жатыр. Бала тәрбиесін басқадан биік қойған халқымыз баланы ұят болады, обал болады, жаман болады деген үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Әрбір кішкентай іс-ұлы істердің бастауы, олай болса, адал...
Толығырақ... Оқылды: 1424 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021

Тәңір сыйы - Тәуелсіздік!

Міне биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік– еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Содан бері міне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне 29 жыл. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат , Ол- мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді. Осы орайда Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, а...
Толығырақ... Оқылды: 1375 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Жастар – бұл егемен еліміздің мызғымас іргетасын қалауда ерекше серпін берер, ел болашағын уыстарында ұстаған толқын. Мемлекеттің қарышты дамуы, жалындап жануы тікелей жастардың дарын-дағдысымен, талап-талпынысымен сабақтасып жатыр. Тәуелсіздік құрдастары болып отырған кейінгі толқын өкілдерінің бүгінгі белсенділігі жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің басым түсуіне түрткі болары да сөзсіз. Осы ретте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта, экономикалық-әлеуметтік дамуына әр сала бойынша елеулі үлес қосып жүрген жастармен кездесу өткізілді. Шараға: Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Қисметов, Көксу аудандық пробация бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Саят Жолдыбаев, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбаев қатысып жастармен ашық сұхбат жүргізді, және шара соңында аудандақ кітапхана «Өркендеп нығая бер Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынды. Жалын мен...
Толығырақ... Оқылды: 1273 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021

Көп болғанда ғана Көсегеміз Көгереді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы 26 мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен екен. Олардың көпшілігі – білімді жастар мен білікті ма-мандар. Тағы бір деректерде 2015 – 2019 жылдар аралығында елімізден шамамен 200 мыңнан астам адам шетелдерге тұрақты тұру мақсатында қоныс аударғаны жайлы жазылған. Бұл – барлық мемлекеттерде болып жататын үрдіс. Қытай, Ресей және Америка сияқты алып мемлекеттер үшін бұл ұсақ-түйек, әңгімеге өзек болатын да нәрсе емес. Ал әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын ат төбеліндей халқы бар Қазақстан үшін үлкен олқылық әрі өкініш.Осындайда халқымыздың: «Туған жердей жер бол-мас, Туған елдей ел болмас», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдары ойға орала береді. Тоғыз жасында құлдыққа сатылып, кейін Мысыр елін 30 жыл билеген, бақ пен тақты тастап, туған жеріне оралған Бейбарыс бабамыз көз алдыңа елестейді. Туған халқының Тәуелсіздігі жолында Алаш арыстары...
Толығырақ... Оқылды: 1488 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 21.05.2021

ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Толығырақ... Оқылды: 1657 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 04.05.2021

«Алаушылар» табысы

Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың 7-8 сынып оқушылары аралығында әскери - спорттық «Алау» ойыны өтті. Оған облысымыздың 16 ауданы мен қалаларының командалары қатысып өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, өнерлерін ортаға салды. Байқаудың ережесіне сай командалар сапта тұру - жүру, саптық ән орындау, АК-74 қаруын уақытқа шашып, қайта жинау, командалық эстафеталық жарыс, Ұлы Отан соғысы туралы ән байқауы, ұлдар кермеге тартылу, қыздар денені көтеру, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ғылыми жоба қорғау тәрізді номинациялар бойынша мықтыларын анықтады. Біздің ауданның «Құлагер» командасының намысын Жамбыл ом, Ж.Егінбаев аом, Қ.Жалайыри омг, Қызыларық ом, С.Қырықбаева ом, №12 Айнабұлақ ом оқушылары қорғады. Құрамында 7 ұл бала, 2 қыз бала өнер көрсеткен ауданымыздың «Құлагер» командасы барлық номинацияларда тамаша өнер көрсетіп жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша...
Толығырақ... Оқылды: 1516 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 02.04.2021

Жер сатылмайтын болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылық жерлерді сатуға және жалға беруге заң түрінде тыйым салуды тапсырған болатын. Тоқаев бұл мәлімдемені жер сатуға қойылған мораторий мерзімі аяқталар тұста, қоғамда жер сатпау туралы мәселе жиі көтеріліп жатқан кезде жасады. Ол: - Жер мәселесі маңызды. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды. Бұған қатысты қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынадай шешім қабылдадым, біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты шешім. Мен мұны жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселеге қатысты қажетті заң жобасын әзірлеуі керек. Екіншіден, бір ай ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын, - деді Тоқаев 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаев көпті толғандырып, жүрген ө...
Толығырақ... Оқылды: 1371 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 30.03.2021

Қызылтоған тарихы

Жалпы Қызылтоған ауылы атауының шығу тарихына қатысты айтып өтейін. 1926 жылы советтендіруге байланысты қыстау-қыстаудағы халықты жинап, отырықшыландыру үшін яғни революцияға қатысты ауылдарды біріктіріп ұжымшар құрды. Үкіметтің бұл әрекеті сол уақытта халықтың тұрмыстық жағдайына едәуір әсер етті. Ауыл халқының егістік пен мал шаруашылығынан басқа күнкөріс көзі болмады. Сол себепті егін егу үшін су шығарып, тоған қазу керек болды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ұранмен ауыл халқы жиналып өз қолдарымен, қып-қызыл еңбектің арқасында 12 км жерден тоған қазды. Тоғанды қазуға 40-тан астам адам білек сабана кірісіп, атсалысқан. Тоған қазып жатқан сәтте Талдықорғаннан советтің уәкілі келіп, тексеріс жасап, ұжымшардың атауы қалай деп сұрайды. Сонда тоған қазып жатқан жігіттер ауылымыздың атауы жоқ деп жауап берген. Сол сәтте қылышынан қан тамып тұрған уәкіл ұжымдарыңның атауы бүгіннен бастап «Қызылтоған» аталсын деп біржақты шешім қабылдаған. Міне, осы уақыттан бастап, күні бүгі...
Толығырақ... Оқылды: 1366 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 19.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.