ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

«Алаушылар» табысы

Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Уақыты: 02.04.2021
Оқылды: 1524 Печать страницы
«Алаушылар» табысы

  Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың 7-8 сынып оқушылары аралығында әскери - спорттық «Алау» ойыны өтті. Оған облысымыздың 16 ауданы мен қалаларының командалары қатысып өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, өнерлерін ортаға салды. Байқаудың ережесіне сай командалар сапта тұру - жүру, саптық ән орындау, АК-74 қаруын уақытқа шашып, қайта жинау, командалық эстафеталық  жарыс, Ұлы Отан соғысы туралы ән байқауы, ұлдар кермеге тартылу, қыздар денені көтеру, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ғылыми жоба қорғау тәрізді номинациялар бойынша мықтыларын анықтады. Біздің ауданның «Құлагер» командасының намысын Жамбыл ом, Ж.Егінбаев аом, Қ.Жалайыри омг, Қызыларық ом, С.Қырықбаева ом, №12 Айнабұлақ ом оқушылары қорғады. Құрамында 7 ұл бала, 2 қыз бала өнер көрсеткен ауданымыздың «Құлагер» командасы барлық номинацияларда тамаша өнер көрсетіп жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша Іле ауданының  Кадет корпусынан кейінгі жүлделі 2- орынды жеңіп алды.
Ауданымыздың мерейін үстем еткен оқушыларды  және байқауға дайындаған әскери жетекшілерге аудандық білім бөлімі атынан алғысымды білдіремін.    

Қанат Абдильданов,
 команда жетекшісі,
 ҚР Білім беру ісінің үздігі.       

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.