ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Көп болғанда ғана Көсегеміз Көгереді

Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Уақыты: 21.05.2021
Оқылды: 1498 Печать страницы
Көп болғанда ғана Көсегеміз Көгереді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы 26 мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен екен. Олардың көпшілігі – білімді жастар мен білікті ма-мандар. Тағы бір деректерде 2015 – 2019 жылдар аралығында елімізден шамамен 200 мыңнан астам адам шетелдерге тұрақты тұру мақсатында қоныс аударғаны жайлы жазылған.

 

Бұл – барлық мемлекеттерде болып жататын үрдіс. Қытай, Ресей және Америка сияқты алып мемлекеттер үшін бұл ұсақ-түйек, әңгімеге өзек болатын да нәрсе емес. Ал әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын ат төбеліндей халқы бар Қазақстан үшін үлкен олқылық әрі өкініш.Осындайда халқымыздың: «Туған жердей жер бол-мас, Туған елдей ел болмас», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдары ойға орала береді. Тоғыз жасында құлдыққа сатылып, кейін Мысыр елін 30 жыл билеген, бақ пен тақты тастап, туған жеріне оралған Бейбарыс бабамыз көз алдыңа елестейді. Туған халқының Тәуелсіздігі жолында Алаш арыстары бастарын бәйгеге тігіп, жандарын пида етпеді ме? Әлихан Бөкейханның «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген жалын-ды сөзі нағыз елін сүйген ердің сөзі емес пе? «Отан – от-тан да ыстық». Шетелде айдауда жүрген поляк Огинскийдің елін, жерін сағынып шығарған Полонезі әлдеқашан әлемдік музыканың шыңына айналып кеткен жоқ па? «Қолда бар-да алтынның қадірі жоқ». Еліңнің, жеріңнің қадірін жырақта жүргенде білесің. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Пәлен жерде пайда бар, өз еліңдей қайда бар?» деген осы.Заманымыздың заңғар жазушысы Шерхан Мұртаза қазақты Феникс құсқа текке теңемеген екен.Қасиетті де киелі құсты өлтіріп, өртеп жіберсе де күліне жан бітіп, қайта тіріліп кетеді екен. Тарихқа көз жүгіртсек, жер бетінде шапқыншылық пен аштыққа душар болып, қазақ сияқты миллиондап қырылған халық өте некен-саяқ. Жазушы Ілияс Есенберлин «Алтын орда» кітабында 1660 жыл-дары қазақтардың саны 2 миллионнан асқан деген де-рек келтіреді. Жоңғар, ойрат және қалмақтармен болған жойқын ұрыстардан, әйгілі Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан кейін жерімізде 800 мыңға жуық адам қалған. Алтыбақан алауыз, қылышымызды қынынан әбден жанымызға батқан кезде суыратын халық емеспіз бе? Тарихшылар алаңсыздығымыздан әрі жауларымызға дер кезінде бірлесіп тойтарыс бермегендіктен осындай ауыр шығынға ұшырағанымызды аса қынжылыспен жазады.«Мың өліп, мың тірілген» қазақ бұдан кейін де қаншама зобалаң-зұлматты бастан кешірді десеңізші... Орталық Азияны отарлаған Ресей 1897 жылы жалпыресейлік санақ өткізді. Бұл санақ бойынша Орта Азия халқының саны былайша қатталған.Қырғыздар – 200 мың, Түркімендер – 280 мың, Тәжіктер – 350 мың, Өзбектер – 721 мың, Қарақалпақтар – 104 мың, ал Қазақтар 4 миллион 84 мың адам болған. Орта Азиядағы өзге ұлт өкілдері сол кезде қазақтардан қанша есе кем екені айқын көрініп тұрған жоқ па? Сталиндік санаққа көз салсақ, қазақ халқы Ұлы Қазан төңкерісіне дейін 8,5 миллионға жеткен екен. Большевиктер билік құрған төңкерістен кейінгі 15 жылда ұлтымыз 1918-1919, 1921-1922 және 1931-1932 жылдары үш алапат ашаршылықты бастан кешірген. Осынау аз ғана мерзімде халқымыз 6 миллионға қысқарған. Оның ішінде бір миллио-ны шетелдерге босып кеткен. Халқымызды бұдан кейін сая-си қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы сияқты қанқасаптар күтіп тұр еді.Қазақ осындай қатыгез қиянаттарға ұшырамағанда өз жерінде азшылыққа айналмас еді. Осы тұста Елбасының: «Әлемдегі ешбір ел Қазақстан секілді біржола жойылып кетудің қатерлі шегіне жетіп көрген емес» деген сөздері еске түсе береді. «Жығылғанға – жұдырық» дегендей Хрущев «Тың игеру» дегенді ойлап тапты да елімізге сырттан 2 мил-лионнан астам славян өкілдерін әкелді. Соның салдарынан 1970 жылы еліміздегі ұлтымыздың үлесі 29 пайызға түсіп қалды. Қазір демографтар сол үш ашаршылық болмағанда Қазақстан халқының саны 100 миллионға жетіп қалатынын айтады. Халқымыз: «Бос жатқан жер жау шақырады» деп текке айтпаса керек. Сырттағы біраз арандатушылар қазақ жеріне көз алартуларын әлі күнге қоймай келеді. Демография– ұлт қауіпсіздігінің қалқаны. Демек, халық са-нын көбейту – мемлекетіміздің саясатындағы маңызды мәселенің бірі болып отыр.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында демография мәселесіне жеке тоқталып: «Уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде жүзеге асыратын тағы бір шаруа бар. Халықтың қалалық жерлерге жаппай көшуі салдарынан көптеген ауылдарда, әсіресе шекара маңындағы елді мекендерде тұрғындар саны күрт азайды. Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз», – деген болатын.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басталған Ұлы көштің нәтижесінде елімізге осы мерзімде 1 миллионнан астам қандасымыз келіпті. Сырт мемлекеттерде әлі де 7 миллиондай қазақтар бар екен. Олардың 1,5 миллионы квота кезегін күтіп, елге жете алмай зарығып отыр. Әйтсе де кейінгі кезде бұл істе де түрлі кедергілер көп болып тұр. Мемлекетіміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл мақсатқа ондаған мың квоталар бөлсе, 2021 жылға ол небәрі 1026 квотаны құраған. Шет мемлекеттердегі қандастарымыз елге оралу үшін 48 түрлі құжат әзірлеуі тиіс екен. Мұндай ұшы-қиыры жоқ жүйке жұқартулар олардың сағын сынды-рып, жігерін жасытпай ма? Осындай әуре-сарсаңдардан кейін олардың Қазақстанға келуге деген құштарлығы басы-лып қалмай ма? Бұл – әлдекімдердің қолдан жасап отырған ашық кедергісі емес пе? Сондықтан да мәжіліс депутаттары елімізде Демография және көші-қон агенттігін құру керек де-ген орынды мәселе көтеруде.Нарық заманында көп нәрсе материалдық жағдайға тіреледі. Демографияға ерекше мән беріп отырған мемле-кеттер аналарды ынталандыру жолында көптеген игілікті шараларды қолға алып, жүзеге асыруда. Табиғи өсімді өрге сүйреу үшін ана мен балаға жасалатын қамқорлықты көбейту туралы ұсыныстар бізде де әр жерден жиі естіліп жатыр. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін бұл мәселені түбегейлі, жедел шешу керек болып тұр. «Көп – қорқытады, терең – батырады». Біз көп болғанда ғана көсегеміз көгереді. Сондықтан да ұлтты өсіру – ұлы мұратымыз.

 

Айгүл АЙМАНБЕКОВА, аудан мәслихатының депутаты.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.