ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Әкем, анам және мен - шынығамыз біз спортпен

Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Уақыты: 10.06.2021
Оқылды: 1447 Печать страницы
Әкем, анам және мен - шынығамыз біз спортпен

4 маусым күні Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты облыстық жарыстарының финалдық кезеңі өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған жарысқа, аудандық және қалалық әкімдіктерден 15 жеңімпаз команда қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 28 мамыр мен 2 маусым аралығында облысымыздың барлық өңірлерінде «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты спорттық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілген болатын. 
Бұл іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады. 
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Райымбек ауданының Ақыловтар отбасы, екінші орынды Талдықорған қаласының Абишевтар отбасы, үшінші орынды Көксу ауданының Алпысбаевтар отбасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері  диплом, кубок, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 
Турнир көрерменсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтай отырып өткізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.