ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Тәуелсіздік туы — асқақ

Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Уақыты: 01.07.2021
Оқылды: 1072 Печать страницы
Тәуелсіздік туы — асқақ

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығы -  бұл халқымыздың маңдай терімен жеткен жетістіктері, сонымен бірге - жаңа тарихи сын. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Дегенмен, Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерді тізгіндеп, олардың әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұрғанына назар аударды. «Көреген басшы елді өсіреді» демекші, Қазақстанның мемлекет болып, керегесінің кеңеюі жолындағы Елбасының дара көшбасшылығының маңызына айырықша тоқталды.
Тәуелсізідік алған күннен бастап, Қазақстан беделді рейтингтерге белсенді түрде қатысып келеді. Еліміздің ашық әлеуметтік - экономикалық саясат ұстанатынының белгісі десек те болады. 
Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мен білім саласы бойынша: жекеменшікке беріліп кеткен немесе жалға берілген балабақшалар мен мемлекет меншігіне қайтарылып, жаңадан ашылған жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтардың саны артты. Осындай  нәтижелі іс-шаралардың арқасында балаларды мектепке дейінгі тәлім-тәрбиемен және біліммен қамту көрсеткіші 9,6 есеге ұлғайып, 1999 жылғы 10,2 пайыздан 2020 жылы 98,7 пайызға жетті. Соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беруді дамытуда мемлекеттік - жекешелік серіктестікке басымдық беріле бастады. Соңғы 20 жылдың ішінде мемлекеттік қолдаудың арқасында жекеменшік балабақшалардың саны 28 есе, 162-ден 4 608-ге дейін ұлғайды. Пайдалануға берілген мұндай балабақшалардың басым бөлігі соңғы жылдарға тиесілі. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту ісіне де айрықша мән беріліп келеді. 2019 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 28,1 пайызында (1 852) инклюзивті білім беру үшін жан-жақты жағдай жасалды. Бүгінгі таңда бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 19 пайызға жоғары.
«Балбөлек», «Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» сынды отандық бағдарламалар жүзеге асырылды. 
Орта білім жүйесі бойынша, елімізде жалпы орта білім беретін мектеп саны 7 440 болса, оларда 3,4 млн бала білім алады. Тәуелсіздіктің 30 жылында  республикамызда 1 800-ден астам мектеп салынды. Нәтижесінде 3,4 ауысымда жұмыс істейтін мектептер саны әжептәуір қысқарып, жойылды.  Оқушы орны тапшылығы төмендеп, апатты мектептер саны азайды.
Жаңартылған мазмұнда 20 Назарбаев зияткерлік мектептері ашылды. Дәл осы мектептердің тәжірибесі еліміздің барлық білім беру жүйесіне енгізілуде. Тәуелсіз еліміздің тағы бір жетістігі ол, Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің құрылуы. Білім сапасын бағалаудың ішкі және халықаралық құралдары PISA, TIMSS, PIRLS  қолданылады. Оқушылар алған білімдеріндегі жетістіктерін тәуелсіз халықаралық бағалауға мүмкіндік беретін сынды зерттеулерге де қатысады.
Мектептерді интернет желісіне қосуға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізіліп,  білім ордаларының 98,8 пайыздан астамы жылдамдығы секундына 4 мбит болатын кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етілді. Информатика, физика, химия және биология сынды жаратылыстану-математика циклындағы (ЖМЦ) пәндер оқушылардың қалауы және педагогтардың дайындығына байланысты ағылшын тілінде оқытыла бастады. 
Тәуелсіздіктің 30 жылының ішінде 2 млн-нан астам мұғалім курстық дайындықтарда, конференцияларда, семинарлар мен вебинарларда біліктіліктерін арттырды. Орта білім ұйымдарында жұмыс істейтін педагог-магистрлардың саны артуда. 
Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. Педагог мамандығының мәртебесін арттыру үшін жүктеме 18-ден 16 сағатқа дейін қысқартылып, мұғалімдердің есеп-қисап беретін құжаттарының саны 10-нан 2-ге дейін азайтылды. Өткен жылы педагогтердің жалақысы қосымша ақы мен үстемақылардың артуы есебінен 45 пайызға, 2021 жылдың қаңтарынан 25 пайызға артты. Еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге ұзартылды. Ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жалақысын көтеру де көзделген. Олар лауазымдық жалақыларына 30-дан 100 пайызға дейін қосымша ақы алатын болады. Сонымен қатар елімізде педагогтердің қызметіне кірмейтін жұмыстарға тартуға заңмен тыйым салынған.
Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де білім саласындағы Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік, өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі.Мемлекетімізде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – ең басты құндылық.Елбасымыз,  «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді, әрқайсысыңның жүрегін елім деп соғатындай жастарды тәрбиелеп өсіру, ел үшін, халық үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз. 

Гүлжанат Асылбекова,
аудандық маслихаттың  депутаты.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.