ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Тәуелсіздік-тұғырым

18.08.2021 күні Қ.Р.Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Спорт күні" мерекесіне орай Айнабұлақ ауылдық округінің әкімшілігінің дене шынықтыру жөніндегі әдіскер нұсқаушысы:Гімің Қуамбектің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер және жастар арасында :Салауатты өмір салтын насихаттай отырып,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында волейболдан жарыс өтті.Жарыста :Мемлекеттік қызметкерлер ,жастар орасан зор құлшыныспен қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 673 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 18.08.2021

Қастерлі ұғым

Тәуелсіздік. Әр адамның, әр халықтың көздейтіні – еркіндік, азаттық. Сондықтан да әрбір қазақ үшін тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ. Биыл тәуелсіздікке- 30 жыл. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін ең алдымен өзіміздің ата- бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт– дәстүрімізді, шұрайлы тіліміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпақты осы асыл қазынамыз арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу кезек күттірмес міндеттердің бірі. Өскелең ұрпақтың азаматтық тектілігін қалыптастыру мақсатында оларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, отбасылық құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу басты парызымыз болып санлады. Тәуелсіздік алған жыдардан бері жыл сайын облыс, республика бойынша мерейлі отбасы байқауы өткізііп, жүлдеге ие болғандар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталып келеді. Байқауға қатынасушылар отбасы саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл кеңестік империя тұсында болмаған жағдай еді. Дінге қарсы атейстік тәрбие деген ж...
Толығырақ... Оқылды: 696 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.08.2021

Алаш азаттығының арысы

Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл Дархан даланың төсінде тұяғы тасты уатқан тұлпарды тақымдап, ұлтының азаттығы үшін отқа түскен асыл ерлер аз емес. Сан ғасырлық тарихымызға көз жүгіртсек, халқын аңсаған арманына жеткізуге талпынған талай тұлға алдыңнан атойлап шығады. Есімі елдің есінде жаңғырған баһадүр батырымыздың бірі һәм бірегейі – Исатай Тайманұлының туғанына биыл 230 жыл толып отыр. 1838 жылы Ақбұлақ өзенінің жағасындағы патша әскерімен болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан Исатай батырдың жерленген жері – Ақтөбе облысы Қобда ауданының аумағындағы Шейітсай қорымы. Бұл дерек төңірегінде талай даудың болғаны рас. Алайда, елге белгілі тарихшылар, исатайтанушы ғалымдар мен сөз зергерлерінің соңғы пайымына сүйенсек, Исатай батырдың жерленген жері Шейітсай екені даусыз. Тарихи деректер де осыны құптайды. 2014 жылдың 20 қарашасында Исатай батыр мен ұлы Оспанға алыстан менмұндалап көрініп тұратын ақкүмбез кесене бой көтерді. «Өлгеніміз тірілді, өшкенімі...
Толығырақ... Оқылды: 696 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.08.2021

Тәуелсіздік туы — асқақ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - бұл халқымыздың маңдай терімен жеткен жетістіктері, сонымен бірге - жаңа тарихи сын. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Дегенмен, Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерді тізгіндеп, олардың әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұрғанына назар аударды. «Көреген басшы елді өсіреді...
Толығырақ... Оқылды: 1072 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 01.07.2021

Әкем, анам және мен - шынығамыз біз спортпен

4 маусым күні Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты облыстық жарыстарының финалдық кезеңі өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған жарысқа, аудандық және қалалық әкімдіктерден 15 жеңімпаз команда қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 28 мамыр мен 2 маусым аралығында облысымыздың барлық өңірлерінде «Әкем, анам және мен-шынығамыз біз спортпен» атты спорттық іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Бұл іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ра...
Толығырақ... Оқылды: 1447 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021

Адалдық- арыңның айнасы

Адалдық-адамның бойындағы ең асыл қасиеті, жанның тазалығы, тұлғалық көркем көрінісі. Адалдық- шыншылдық, турашылдық, пәктік, ар-ұждан, ұят тәрізді игі қасиеттердің жиынтығы. Адалдық әрбір адамның, тұлғаның қалыптасуында кем болса болмайтын бағалы қасиет. Осы бағалы қасиетті мұра еткен Ұлы Абай атамыз 29-шы қара сөзінде: «Адал еңбекпен мал іздемек, ол арлы адамның ісі» ал, 37-ші қара сөзінде: «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың»,- деп өлмейтұғын сөз қалдырған. Бабаларымыздан қалған «Тәрбие басы- тал бесіктен басталады»-деген нақыл сөзі бар. Салт-дәстүрге берік халқымыз тәй-тәй басқан баланы ешкімнің ала жібін аттамасын, адал мінез-құлықпен өссін деген ниетпен ала жіппен тұсауын кескен. Бұл салт-дәстүрдің өзінде үлкен тәлім-тәрбие жатыр. Бала тәрбиесін басқадан биік қойған халқымыз баланы ұят болады, обал болады, жаман болады деген үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Әрбір кішкентай іс-ұлы істердің бастауы, олай болса, адал...
Толығырақ... Оқылды: 1429 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 10.06.2021

Тәңір сыйы - Тәуелсіздік!

Міне биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік– еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Содан бері міне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне 29 жыл. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат , Ол- мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді. Осы орайда Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, а...
Толығырақ... Оқылды: 1388 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Жастар – бұл егемен еліміздің мызғымас іргетасын қалауда ерекше серпін берер, ел болашағын уыстарында ұстаған толқын. Мемлекеттің қарышты дамуы, жалындап жануы тікелей жастардың дарын-дағдысымен, талап-талпынысымен сабақтасып жатыр. Тәуелсіздік құрдастары болып отырған кейінгі толқын өкілдерінің бүгінгі белсенділігі жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің басым түсуіне түрткі болары да сөзсіз. Осы ретте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта, экономикалық-әлеуметтік дамуына әр сала бойынша елеулі үлес қосып жүрген жастармен кездесу өткізілді. Шараға: Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Қисметов, Көксу аудандық пробация бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Саят Жолдыбаев, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбаев қатысып жастармен ашық сұхбат жүргізді, және шара соңында аудандақ кітапхана «Өркендеп нығая бер Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынды. Жалын мен...
Толығырақ... Оқылды: 1279 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021

Көп болғанда ғана Көсегеміз Көгереді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өткен жылы 26 мыңнан астам адам Қазақстаннан шетелге кеткен екен. Олардың көпшілігі – білімді жастар мен білікті ма-мандар. Тағы бір деректерде 2015 – 2019 жылдар аралығында елімізден шамамен 200 мыңнан астам адам шетелдерге тұрақты тұру мақсатында қоныс аударғаны жайлы жазылған. Бұл – барлық мемлекеттерде болып жататын үрдіс. Қытай, Ресей және Америка сияқты алып мемлекеттер үшін бұл ұсақ-түйек, әңгімеге өзек болатын да нәрсе емес. Ал әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын ат төбеліндей халқы бар Қазақстан үшін үлкен олқылық әрі өкініш.Осындайда халқымыздың: «Туған жердей жер бол-мас, Туған елдей ел болмас», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдары ойға орала береді. Тоғыз жасында құлдыққа сатылып, кейін Мысыр елін 30 жыл билеген, бақ пен тақты тастап, туған жеріне оралған Бейбарыс бабамыз көз алдыңа елестейді. Туған халқының Тәуелсіздігі жолында Алаш арыстары...
Толығырақ... Оқылды: 1498 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 21.05.2021

ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Толығырақ... Оқылды: 1737 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 04.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.