РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

«Қазақтың 100 әні» жобасы- оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы

ЕлбасымызН.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай, тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру -елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.» деп атап көрсетуі- балалар мен жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзектілігін айқындайды. Біздің еліміздің азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет болып қалыптасуы- азаматтардың білім деңгейі мен патриоттық сезіміне байланысты. Қазіргі кезде азаматтар жеке тұлға ретінде өздерінің қабілеттерін шыңдап, белгілі бір жетістіктерге жете білумен қатар, өз тағдырымен қоса, басқа адамдар алдында, қоғам алдындағы жауапкершілігі артты. Осындай жағдайда патриотизм- әлеуметтік, рухани-адамгершілік, идеологиялық, мәдени, тарихи, әскери-патриоттық және т.б. аспектілерді қалыптастыратын маңызды құндылық болып т...
Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 25.10.2021

Зайырлылық және дін

«Зайырлылық» түсінігінің ауқымы кең. Қазіргі заманғы зайырлылық аясына ең алдымен гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ождан және наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыру кіреді. Мемлекеттің зайырлы сипаты оның діннен ажыратылуымен ғана емес, сонымен бірге, атеистік және өзге де дүниетанымның басымдығын мойындамауымен сипатталады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметін де реттеп отырады. Мемлекеттің...
Толығырақ... Оқылды: 749 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 17.08.2021

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Қазақ халқы қашанда «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген даналық сөзді тәрбиенің негізі ұстанымдарының бірі ретінде ала отырып, әр баланы Отанды қорғау жолында барлық қиындықтарға төзе білуге баулып тәрбиелейді.Дегенмен, соңғы жылдары елімізде Отан деген ұлы ұғымның қадір-қасиетінің парқына бармастан, оны қорғамақ түгілі, халықтың өзіне тән құндылықтары мен ұлттық болмысынан айырып, елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін теріс пиғылды ағымдардың әрекет жүргізіп отырғандығын байқаудамыз. Ниеті теріс мұндай ағымдардың негізгі мақсаты – ел халқының арасына іріткі салып, алауыздық тудырып, территориялық тұтастығымызға қол сұғу ғана. Бүгінгі таңда елімізде ұлтаралық келісім орнығып, әрбір азаматқа Конституциямен сенім бостандығы беріліп, ар-ождан құқығы қорғалған. Осының негізінде азаматтарымыз өз еркімен діни сенімді таңдауға құқығы берілді. Басымызға қонған осындай сенім бостандығына кір келтіру мақсатында сырт елден келген дүмше молдалар, ұлтымыздың ұлағатты тәрбиесі мен...
Толығырақ... Оқылды: 747 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 17.08.2021

Жаңа оқу жылында мектептерге қандай санитарлық талаптар қойылады?

Мемлекет басшысы Қасым￾Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай, Республикамыздың мектептеріндегі қызметкерлердің екпе алуын, сонымен қатар, мұғалімдер мен білім алушылардың күнделікті температурасын өлшеу, кабинеттердің ауасын зарарсыздан￾дыру, дезинфекциялау шараларын орындау қажеттілігі туындап отыр. Санитарлық қызметтің тала￾бы бойынша алдағы оқу жылында мектептерді ашу шарттарының бірі – мұғалімдер мен қызметкерлерді вакцинациялау. Өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін ойлаған мұғалімнің бірі ретінде, мен Спутник V екпесін қабылдаған адамдардың қатарынан табылдым. Осы ретте, аудан мектептерінің мұғалімдерін (денсаулық жағдайына қарай) екпе салдыруға шақырамын. Әлбетте, білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа қайтару - елдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайларға байланысты екенін атап өткен жөн. Коронавирустық инфекцияның...
Толығырақ... Оқылды: 716 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.08.2021

Анықтама

Пәтерді, үйді, саяжайды немесе басқа мүлікті сату туралы шешім қабылдасаңыз, сізге міндетті түрде ауыртпалық туралы анықтама қажет болады. Кез келген сатып алушы сіздің жылжымайтын мүлігіңіз кепілдікте немесе тыйым салуда ма екенін сұрайды. Сол себепті, мұндай анықтаманы Egov.kz портал арқылы 20 минут ішінде тегін ала аласыз. Төменде нұсқаулық көрсетілген: - Egov.kz порталында авторизациядан өтіп, іздеу жолы арқылы «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз. - «Қызметке онлайн тапсырыс беру» таңдап, деректерді толтырыңыз. Нысанның түрін, оның мекенжайын немесе кадастрлық нөмірін көрсетіңіз. - ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз. 20 минут ішінде анықтама дайын болады. Ісіңізге сәттілік тілейміз!
Толығырақ... Оқылды: 910 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 05.08.2021

Ақпарат

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігімен техпаспортты өзімен бірге алып жүру міндеттілігі алынып тасталды. Бар болғаны жеке куәлігі болу жеткілікті. Алайда егер сіз өз көлігіңізді сатқыңыз келсе немесе оған жөндеу үшін кейбір бөлшектерді іздесеңіз, онда құжаттар міндетті түрде қажет болады. Кейде әртүрлі ТҚКС-ны аралап, адамдар техпаспортын жоғалтып жатады. Бұл жағдайда тез қалпына келтіру үшін оңтайлы шешім бар. Ол үшін мамандандырылған ХҚО-ға барып, төмендегі құжаттармен жүгіну қажет: - Өтініш; - Жеке куәлік; - Техпаспортты бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек; Қызмет құны 1,25 АЕК немесе 3647 теңге. Жаңа техпаспорт 1,5 сағаттан кейін дайын болады да, сіз оны бірден алып кете аласыз. Құжаттарыңызға мұқият болыңыз және жоғалтпаңыз!
Толығырақ... Оқылды: 907 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 05.08.2021

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін интернет жүйесі мен 15 минут бос уақытыңыз болса жеткілікті. Егер қандай да бір себептермен сізде тұрғылықты тіркелу болмаса, мүмкіндігінше тезірек тіркелуіңіз тиіс. Себебі, сізге айыппұл салынуы мүмкін. Мұны электрондық үкімет порталы арқылы қалай жасау керектігі туралы нұсқаулықты ұсынамыз: - ЭЦҚ көмегімен eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз - Іздеу жолында «ҚР халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін тауып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз - Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Тұрғын үй иесі де eGov арқылы өз келісімін береді. - Қызмет көрсету мерзімі 15 минуттан аспайды, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетке келеді. ХҚО ғимаратында да тіркелуге болады, бірақ бұл үшін міндетті түрде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы және оның келісімі қажет. Оңай әрі тез тіркеліңіз! _______________ Сейчас чтобы прописаться по месту жительства вам достаточно иметь доступ в интернет...
Толығырақ... Оқылды: 967 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 16.07.2021

«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер фестивалі өтеді.

22-24 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер фестивалі өтеді. Жобаны «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы» жанындағы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы» үйлестіруде. Еліміздің барлық өңірінің үздік орындаушыларын жұмылдыратын «Сәлем, Елорда!» республикалық өнер фестивалі былтыр Нұр-Сұлтан қаласында бастау алып, биыл Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспарланған. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өнері мен мәдениеті күндері үлгісіндегі ұйымдастырылған бұл фестивальдің мақсаты - өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттап, озық үлгідегі орындаушыларды дәріптеу.Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ел Тәуелсіздігінің 30 және Жамбыл Жабаевтың 1...
Толығырақ... Оқылды: 1289 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 22.06.2021

Тәуелсіздік жолында

Ашайық та тарихтың мол беттерін, Аңғарайық неге қолдың жеткенін. Артқа тастап замандарды сан қилы, Қазақ қандай болашаққа беттедің? Үңілейік ой жүгіртіп өткенге, Егемендік елге келіп жеткенде. Мойныңдағы бұғауыңды сыпырып, Алтын күннің көктен нұрын төккенде. Не көрмеді қазақ болғалы, Халқымызды баладай ғып қолдағы, Жатжұрттықтар талай шауып елімді, Жүздеген жыл жерімізді шарлады. Не көрмеді қазақ болғалы, Не қиынды тағдыр басқа салмады. Шұна-Доба, Ғалден-Церен хонтайшы, Елді шауып қайта-қайта тонады. Ақ табанды-шұбырынды жылдары, Атамекен жұрттан безіп сорлады. Сонда қазақ бес қаруын асынып, Қасиетті жерін жаудан қорғады. Үш жүз биі Төле, Әйтеке, Қазыбек, Жиын құрды Ордабасы қасында. Әбілқайыр бас сардар боп сайланып, Басын қосты бар қазақтың осында. Ер Бөгенбай қалың қолды бастады, Қабанбайдай батыр оны қостады. Саурық, Тайлақ, Райымбектей ерлерім, Хонтайшыны жүндей түтіп тастады. Хан Абылай біріктіріп қазақты, Ысырыпты басқа түскен азапты....
Толығырақ... Оқылды: 1686 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 23.04.2021

ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, тарихымыз бен мәдениетті, халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, кұқықтық тәртіпті қорғау салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф, тарихшы ғалым Өзбекәлі Жәнібеков: «Қай ха...
Толығырақ... Оқылды: 1669 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 15.04.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.