РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Алакөл ауданында 1202 жұмыс орны құрылған

Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Уақыты: 10.09.2020
Оқылды: 63 Печать страницы
Алакөл ауданында 1202 жұмыс орны құрылған

"Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айнагүл Тұрсынбайқызы 2020 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы баяндады, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы.

Аудандық бөлім арқылы барлығы 14 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2020 жылдың 1 қыркүйегіне гигиеналық құралдармен 560 адам, жеке көмекшінің қызметімен - 137 мүгедек, ымдау тілінің мамандарының қызметімен – 7 адам 100 пайызға қамтылған.

"Бүгінгі күнге 4671 жұмыс орындары құрылған, оның ішінде: 1299 — тұрақты жұмыс орындары, уақытша және маусымдық — 3352",-дейді Айнагүл Садирбекова.

Ал, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 52 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 1202 жұмыс орны (оның ішінде жұмыспен қамту орталығы — 593, жұмыс берушілер арқылы —609) ашылды", — дейді жауапты маман.

Алакөл ауданында төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан 17 380 азамат 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдерді алған.

Сондай-ақ, аудан бойынша төтенше жағдай кезінде барлығы 1948 отбасыға (9635 адамға) қайырымдылық көмектері көрсетілген

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.