РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігіне – 30жыл

Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Уақыты: 26.02.2021
Оқылды: 1173 Печать страницы
Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігіне – 30жыл

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас Қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Тәуелсіздік! Еркіндікті бағалайтын мына дүниеде бұдан асқан асыл сөз бар ма!. Бабаларымыз аңсаған бұл тәуелсіздіктің қадірін біз түсінуіміз қажет. Өмірге жаңа сәби келгенде. Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде. Тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік етеді. Осы сәбидің күні ертеңгі тағдыры үшін боздақтарым жалын қиған. Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алатындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың  асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

 

Тәуелсіздік ел тірегі

Тәуелсіздік ел тілегі трегім,

Тәуелсіздік соғып тұрған жүрегім.

Бабалардың сан ғасырлық еңбегі,

Сол себепті байлығым деп білемін.

 

Тәуелсіздік бағым менің баянды,

Қай бабамыз осы үшін аянды.

Тәуелсіздік алсақ деген арманмен,

Қай бабамыз мамық жастық таянды.

 

Тәуелсіздік мақтан етер байлығым,

Әр адамның асқақ етер айбынын.

Баянды өмір сүрген біздер бақытты,

Келмесе екен енді мәңгі қайғы мұң.

 

Тәуелсіздік өткен баба арманы,

Тәуелсіздік қыран көкте самғады.

Боздақтардың талай қаны төгіліп,

Талай жанның шықбап беді жандары.

 

Келер ұрпақ қадірлесін бұл күнді,

Сақтаса екен тәуелсіздік пен ұлтымды.

Тәуелсіздік бой тұмары халқымның,

Бұзбаса екен тәуелсіздік шырқымды.

 

 

Жұматаев Әлішер Ерланұлы

Көксу ауданы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологі

 

 

 

 

 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.