РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ

Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Уақыты: 15.04.2021
Оқылды: 1670 Печать страницы
ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

 Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, тарихымыз бен мәдениетті, халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, кұқықтық тәртіпті қорғау салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф, тарихшы ғалым Өзбекәлі Жәнібеков: «Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарымен танысудан басталатыны мәлім. Оларды сақтау ұлтты сақтау болып табылады», – деп жазып кеткен болатын.
    Елдігіміз бен келер ұрпақ үшін маңызы зор ескерткіштерді қираудан, бүлінуден сақтау өткен көне замандарда да өткір мәселе болып отырған. Жасыратыны жоқ, тарихи-мәдени құндылықтардың тоналуы мен зақымдануы кез келген елдің, халықтың тарихын, мәдениетінің күйреуіне, жойылуына алып келетіндігін көріп отырмыз.
Осы орайда, жергілікті халық аталған тарихи-мәдени ескерткішті бүгіннен бастап бүлінуден, зақым келтіруден қорғап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, барша халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіріп, насихаттап отыруы қажет. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғап, сақтау және болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

Жадыра САМАЖАНОВА,
Айнабұлақ ауылдық округі кітапханасының
кітапханашысы

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.