
Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев оқушылар мен
студенттерді дәстүрлі форматта
оқытуға дайындықты қамтамасыз
етуді тапсырған болатын. Осыған
орай, Республикамыздың
мектептеріндегі қызметкерлердің
екпе алуын, сонымен қатар,
мұғалімдер мен білім алушылардың
күнделікті температурасын өлшеу,
кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру, дезинфекциялау шараларын
орындау қажеттілігі туындап отыр.
Санитарлық қызметтің талабы бойынша алдағы оқу жылында
мектептерді ашу шарттарының бірі
– мұғалімдер мен қызметкерлерді
вакцинациялау. Өз денсаулығы
мен айналасындағы адамдардың
қауіпсіздігін ойлаған мұғалімнің
бірі ретінде, мен Спутник V
екпесін қабылдаған адамдардың
қатарынан табылдым. Осы ретте,
аудан мектептерінің мұғалімдерін
(денсаулық жағдайына қарай) екпе
салдыруға шақырамын.
Әлбетте, білім беру ұйымдарын
дәстүрлі форматқа қайтару - елдегі
санитарлық - эпидемиологиялық
жағдайларға байланысты екенін
атап өткен жөн. Коронавирустық
инфекцияның пайда болуы мен
таралуына жол бермеу үшін
сақтық ережелерін қатаң ұстанып,
санитарлық талаптарды бұлжытпай
орындауымыз қажет.
Құрметті аудан мұғалімдері,
Сіздерге алдағы 2021-2022 оқу
жылында зор денсаулық пен
шығармашылық табыс тілеймін.
Шәкірттеріңіздің бағындырар белесі
мол болсын!
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімер
үшін негізгі хабарламалар мен
ұсыныстар
1. Оқушылар мен мектеп
қызметкерлері арасында ЖРВЖКВЖ
(температура, құрғақ жөтел, әлсіздік
және т.б) пайда болған жағдайда
қажетті байланысты қажет ететін
«кері байланыс» сызбасын алдынала ұсыныңыз, міндетті түрде оның
болуына қолжетімділігіне бақылау
жасаңыз:
-мектеп әкімшілігінің
медециналық ұйымның басшысына
жауапты қызметкеріне хабарламалар
жеткізу;
-бұл тізімде оқушыларды немесе
мектеп қызметкерін оқшаулаутасымалдау жұмыстарын ұйымдастыруға
арналған медициналық
ұйымдардағы, жедел жәрдем
подстанцияларындағы (немесе 103)
жауапты тұлғалардың контакттары
көрсетілуі тиіс;
-ата-аналармен балалардың
заңды өкілдерімен, отбасы мүшелері
ауырған жағдайда ата-анадан
уақытылы ақпарат алу үшін контакттары болуы қажет.
Майра БАЙБУЛАТОВА,
Қалқа Жапсарбаев атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.