РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ел мерейі - рухани жаңғыру

Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Уақыты: 28.03.2018
Оқылды: 463 Печать страницы

Бүкіл дүние Төртінші өнеркәсіптік революция екпінімен тыныстап, даму талаптары күн санап күрделене түскен бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы стратегиялық даму бағдарымызды одан сайын айқындай түсті. Аға буын өкілі ретінде Елбасы Жолдауындағы міндеттерді ой елегінен өткізіп, мұның барлығы да Қазақ елін өркениет көшінің алдыңғы легіне бастаудың талаптары екеніне көз жеткіздім. Мемлекет басшысы алға қойған 10 маңызды міндетті индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізуден бастады. Бүгінде кез-келген елдің экономикалық дамуы осыған тікелей байланысты. Бұл түптеп келгенде, бәсекеге қабілеттіліктің алғы шарты болып отыр. Елбасы Жолдауда елдің ресурстық әлеуетін дамытуды үнемдеу, баламалы энергияны көптеп қолданысқа енгізумен байланыстырды. Еліміздің ауыл шаруашылығындағы зор мүмкіндіктерді икемді пайдаланып, оны ұлттық брендке айналдыруға мән берді. Көлік - логистика тиімділігін арттыру, құрылыс, қаржы салаларын жаңғырту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күресу мен заңның басымдылығы бағытындағы қадамдарды нақтылады. Биыл ел орталығы Астана қаласына 20 жыл толады. Әлемдік дамудың озық модельдерін бойына жинақтаған жас қала қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық, әлеуметтік, мәдени өрлеудің тамаша үлгісіне айналды. Жолдауда Астана қаласының тәжірибесі негізінде Қазақстан қалалары арасында озық практиканы тарату мен тәжірибе алмасу ісіне маңыз берілді. Елбасы Жолдауда 3 тілді қатар меңгерудің қажеттілігін атап айтып кетті. Бүгінгі әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде. Еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын жастар ғылым жаңалықтарын, соңғы технологияларды дер кезінде игеріп, әлемдік даму қарқынына ілесу үшін 3 тілді еркін меңгеруге, сол арқылы білім-біліктерін үздіксіз жетілдіріп отыруға тиіс. Мұны Елбасы Жолдауда: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»,- деп айта кеткен болатын. Халқымыз бет бұрған «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да осында.
Сұлтан СӘКЕНОВ,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.