РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Уақыты: 01.08.2019
Оқылды: 366 Печать страницы
БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Үшінші кездесулері

Ел жайлауға көшіп жатқан кез болса керек.Мұндай да ел барын киіп, бақанын сүйретіп, сән көрінуге тырысады ғой. Түйеге артқан жүктерінің үстіне кілем жауып, Бапекеңдердің көші зор салтанатпен келе жатса, ертоқымы ескі, айыл тартпасы жоқ, төс тартпасы құр, құйысқансыз, оның үстіне киіміде жұпыны Жолбарыс әулие кезіге кетіпті.
«Жарықтықтың Қожанәсірге ұқсауын қарашы» деп Бапекең мырс еткен, оны сезіп қойған әулие:
Әй. Неге күлдің сен?-дейді.
Жәй, әншейін,-дейді Балпық
Жоқ, жалтарма сен өйтіп. Көңіліне күпірлік келіп қалды ғой. Жәрәйді, менің киімім ескі екен онда не тұр? Менің ұзынымды ұлым киді, қызылымды қызым киді. Ал, сенің жиған тергеніңді өзің кимегенде кімің киюші еді?- деп ұзап сала береді.
Жанына батқан мына сөзге шыдамай, Бапекең түйелерін шөгертіп жіберіп, артылған теңдерін алмас қанжармен қиып-қиып тастады дейді. Ақылды бәйбішесі бұған бұрқанбастан:
Оу, отағасы! Меніңше осы әулиенің  ықыласы түсіп тұр бізге. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деп біздікі білместік пе деймін. Жүр, барып батасын алайық?!- дейді
Мұны Бапекең құп көреді.

Төртінші кездесулері

Таңертеңгісін қотандағы қойларын өргізіп тұрса, ең соңында қалған көкқасқа, семіз ісек қой орнынан тапжылмапты. Жақындаса қашпайды. Тәтенсары анамыз басындағы күндігін жұлып алып, әлгі қойдың мойнына салады. Сол күйінде Жолбарыс әулиенің ауылына келіп:
Уа, қасиетті қайнағы, күйміз ажарланбай, үйіміз базарланбай өткеніміз бе, перзент деп тілек тілеп келдік, батаңызды беріңіз?-дейді тебіреніп.
Көп берейінбе шүрегей, біреу берейін бе бірегей?- дейді Жалбарыс әулие.
Қатық тұздығымен болушы еді ғой?-деп Бапекең де қосылып кетеді. Сонда қарт әулие:
Ғайып ерен-қырық шілтен,
Көзіңнің қырын салып өт.
Қыдыр дарып, бақ қонып,
Қолдап жіьер құдірет.
Ақ көңілден айтылған
Тілекті, Аллақабыл ет!- деп бата береді.

Арқаға сапар

Жолбарыс бидің батасын алған екеуі енді белгілі бір бтдің басына түнеуді ұйғарады.
Ағайын болып айтылған ақыл-кеңестен алдымен бұлар Арқадағы Қараменде әулиенің басына барып түнейді. Түсінде  аян берген әулие «Әй, Балпық!Екеумізге Алланың шарапаты шендес еді, сен, менен гөрі ілгерлеу Бектау әулиенің басына барсаншы, дейді. Бәйбішесін ертіп, артынып-тартынған Бапекең енді солай қарай жылжиды.
Аман-есен жетіп, түнейді. Бектау әулие Бапекең түсінде сарышолақ кездік береді. Оны алып тұрып, Бапекең « Апырау, мұның шылауы болмаушы ма еді?» деп қолын жая бергенде Бектау әулие:
Үзбесі осалдау демесең!-деп ұшы кетиген бәкіні де қолына ұстатады.
Ертесіне мұны естіп, білген адуынды бәйбіше «құдай оңласа, берекетті болсын!Жердің түбінен келіп тұрып, бекер қайтамын ба, мен де түнеймін, берем десе, жаратушының баласы азайып қалмас» деп о, кісі де барып әулиенің басына бір түн түнейді.
Түсінде ол әулиенің қолынан екі монщақ алып, мойнына тағады. Сөйтіп әулие атамыз бен анамыз жастық шақтарын өткізіп барып, Тіленші, Әлдеке деген екі ұлды ( Әлдеке кеңсіріксіз туылыпты), және Ақмоншақ, Көкмоншақ (біреулер Парша, Торша деп те айтады) деген екі қызды болыпты. Олар қапзіргі Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Қоңырөлең маңындағы суандарға ұзатылған дейді.
Тіленшіден туған екі баланың бірі- Байғозы. Екіншісі- Телғозы. Байғозыдан-Оспан. Атасның да әкесінің де асын келістіріп беріп жүрген осы Оспан. Одан енді тұқым жоқ.
Телғозының тұқымдары көп. Одан туған: Құрманбек, Сыдық, Қали, Қисмет және олардың үрім-бұтақтары. Әлдекеден өрбіген  ұрпақта аз емес.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.