РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

23 қазанда қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова дүниеге келді

Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Уақыты: 23.10.2019
Оқылды: 325 Печать страницы
23 қазанда қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова дүниеге келді

97 жыл бұрын (1922-1943) Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Жиенғалиқызы МӘМЕТОВА дүниеге келген. Орал облысының Орда ауданындағы Жасқұс ауылында туған. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүктің балалық шағы Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өтті. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мектепті бітіріп, медициналық рабфакта, Алматы медициналық институтында оқыды. 1942 ж. тамызда өз еркімен сұранып, Қызыл Армия қатарына алынды. Алғашында штаб песірі, кейіннен дала госпиталінде медбике болды. Институтта оқып жүргенде мергендікке үйренген Мәншүк бос кезінде «Максим» пулеметінің құрылысын зерттеді. Өзі сұранып, атқыштар дивизиясына қосылып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылғы 15 қазанда Калинин майданының әскерлері құрамында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Денесі Невель қаласына жерленді. Батыр қызға қаза тапқаннан кейін, 1944 жылғы 1 наурызда СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.