РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ОТАНЫМ - ТАҒДЫРЫМ

Бұрында осы жерді шығысы Жылыкүнгей, оңтүстігі Арқалық тауы, батысы Екіаша (кіші Быжы), солтүстігі Бәйгісі деп атаған. Осы жер көлемінде ертеде сыр бойынан 15-16 ғасырда ата-бабаларымыз көшіп келе жатқанда жолда жау тиіп, жаудан Орақ батыр құтқарған екен. Сол үшін Орақ батырға Жалайырда Ноқта ағасы деп олжаны алдымен береді. Яғни, Сырдан көшіп келіп, осы Жетісуға Жалайырлар орналасқан. Кейінде Ескелді, Балпық, Қабылиса, заманында Мырзаның бір баласы Артық қазіргі Екіқой ортасынан көшіп, Қотырқай, Көпқамысқа келеді. Ол жерде біраз отырып, үш бидің келісімімен осы жерді Артық руына берген екен. Алғабас ауылының тұрған жерін үлкен Быжы деп атайды. Осы Быжы деген сөз қазақ сөзі емес, қалмақ сөзі екен. Осы Быжы бойының екі жақ жағалауы мен Арқалық,Жылыкүнгей тауларының сай-саласына Мырза, Қалматай, Мәуке рулары мал бағумен күн көріп, өмір сүрген екен. Ал осы жерде Желдіқаоадан Батпақтыға қарай асатын асу жол Быжы өзен бойы тоғай, қамыс екен. Быжы жағасында аржақта Бәйкісі деген әулие әйел б...
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 30.05.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

Жеті үйменен Мығым би жалғыз қалып, Қасына Балпық бидің көшіп кепті. (Асым Керімқұлов) Сыр бойынан бері жылжып, ежелгі атамекендері - Балқаш бойына көшіп келген Бәйшегір, Арық, Тыным балалары «қауіп қайдан болса, қатер содан» деген сөзді малданып, қалмақтардан қорқып, Сыр бойына қайтадан үдере көшіпті. Оған Бақай батырдың әкесі Мықтыбек би қарсы шығып көрген екен, үрей қысып, үріккен ел оны тыңдамайды. Көшіп кетеді. Мықтыбек өзіне қараған жеті үйменен жалайырдың белді адамы Балпық бидің қасында қалып қояды. Кеткен елін сағына бастаған кезінде ол түс көреді. Түсінде өзі білетін сегіз жасар Тілеуғұл он сегізге толып, қолына шашақты найза ұстап, елін ертіп, көшіп келеді. Жақсыға жорылған түс ақырында қуанышқа ұласады. Тілеуғұл шын мәнінде батыр атанып, атақонысына келіп туын тігеді. Алыстан арып, ашып ағайындары жеткен соң, ел ағалары жатсын ба, жалайырдың сол кездегі аузы дуалы арыстары - Қабылиса, Жолбарыс, Ескелді, Балпық, Қарымбай сынды әулиелер алдарынан шығып, &la...
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 29.05.2019

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ӘЛЕМДІК БРЕНДТЕН КЕМ ЕМЕС

Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық», – дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері – өзінің көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан өнер туындысы, халық рухани байлығының көзі болып табылатын бағалы құндылық. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтың көркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды....
Толығырақ... Оқылды: 565 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 29.05.2019

АТАМЫЗ - АЛАШ, КЕРЕГЕМІЗ - АҒАШ

Қаламаған шебер етiп кiрпiштен, Боямаған әсем етiп түр-түспен. Терезесi болмаса дамөп-мөлдiр, Көк күмбездейшаңырақтан күн түскен. Орын алған кеңжайлаудың төсiнен, Келе жатқанзамананың көшiмен. Қазағымныңкиiз үйi құтты ғой, Ұл-қыздарын ибалыетiп өсiрген, - демекші, «Киiз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-баба, аналарымыздың негізгі баспанасы киіз үй болғаны баршамызға белгілі. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкiл түркi, тіпті оған көршiлес елдердiң де тұрақ-мекенi болғаны анық. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, қасиеттi, киелі шаңырағымыз деп, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген бiздiң қазақ халқы екені әркез мақтанышпен айтылып жүр. Десе де, осы бір киелі қазақ үйін бүгінгі таңда тек мерекелерде ғана безендіріп, ішіне жылылық ұялататыны жанға батады... Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өй...
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 27.05.2019

КІТАП - АСЫЛ ҚАЗЫНА

Кітап — білім бұлағы. Кітап — бұл білімнің қайнар көзі. Кітаптың адамға берері мол. Әрине қазіргі таңда көптеген адамдар кітап оқи бермейді. Оған себеп уақыттың жетпеуі деп айтады, бірақ бұл жәй ғана сылтау. Кітап сенің рухани азығын емеспа? Сонымен қатар, кітап оқуды әдетке айналдыру керек, былай айтуымның себебі, кітап оқу арқылы сен өзіңді дамытасын, рухани байисын, өз ойыңды ашық, әдеби, түсінікті қылып жеткізесің, сондықтан, кітаптың адамға пайдасы тимесе, зияны жоқ. Кітап оқыған адамның, шетте қалмасы анық. " Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік " — деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтып кеткен еді. Кітап оқыған адам, көптеген қызық, қайғылы, қуанышты сәттерге, сонымен қатар басқа жандардың өмірі жайында біледі, ал кітап оқымаған адам, тек бір өмірге куә болады, яғни өзінің. Басында кітап оқып бастағанда түсінбейтін жерлер көп болады, бірақ бұған қарамастан талпынып тырыссан, ары қарай оқып жалқаулығын ұстамаса, оқығанын үшін еш өкінбейсін. Кі...
Толығырақ... Оқылды: 613 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 27.05.2019

Ұлттық тәрбие — жасампаз ұрпақ қалыптастыру құралы

Жердегі сан мыңдаған тіршілік иелерінен ақыл-ой мен сана, мәдениет пен тарихы арқылы ерекшеленетіні – Адам. Адамзат баласы түріне, түсіне, ұлтына, тіліне, дініне қарай алуан түрге бөлінеді. Құран Кәрімде «Біз бір-біріңді тануларың үшін ұлттар мен ұлыстарға бөліп жараттық» делінгенін ескерсек, әрбір ұлт өкілдерінің ерекшеленіп, ұлттық қадір-қасиет деңгейін көтеруге бағытталған әрекеттерінің табиғи құбылыс екенін түсіну қиын емес Жердегі сан мыңдаған тіршілік иелерінен ақыл-ой мен сана, мәдениет пен тарихы арқылы ерекшеленетіні – Адам. Адамзат баласы түріне, түсіне, ұлтына, тіліне, дініне қарай алуан түрге бөлінеді. Құран Кәрімде «Біз бір-біріңді тануларың үшін ұлттар мен ұлыстарға бөліп жараттық» делінгенін ескерсек, әрбір ұлт өкілдерінің ерекшеленіп, ұлттық қадір-қасиет деңгейін көтеруге бағытталған әрекеттерінің табиғи құбылыс екенін түсіну қиын емес. Әдетте мұндай шаралар өзге елмен терезесін теңестіруді мақсат еткен саны жағынан аз мемле...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 27.05.2019

ЛАБАСЫНЫҢ КЕРЕМЕТТЕРІ

ЛАБАСЫНЫҢ КЕРЕМЕТТЕРІ Емшек тау, ақ бұлт емген Лабасы, Төнеді төбесінен күн анасы. Жатыр ол қарсы алдымда жонын керіп, Секілді арманның ту мұнарасы. Толқын тау, толқын бұлт, егіз бейне, Көркіне көз бойламай жол іздей ме. Бұлт әппақ, тау қара боп беттескенде, Көбікті жанды, жансыз теңіз бейне. Сырға сыр, ойға ойлар алмастырып, Жібердің мені өзіңмен жалғастырып. Сыңаймен әр таң сайын сәлем күткен, Төрде отыр кәрі атамдай малдас құрып. Емшек тау ақ бұлт емген Лабасы, Төнеді төбесінен күн анасы. Мен үшін айтылмас ән, жазылмас жыр, Соғылған сұлулықтың мұнарасы, - демекші, қашанда халқымыз үшін ауыл – рухани құндылығымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырғ...
Толығырақ... Оқылды: 755 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 24.05.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

(жалғасы) (Төле бимен ұшырасуы) Ежелден іргелес, қоныстас жатқан жаныс пен жалайыр елдерінің жігіттері есе қайтарамыз деп жүріп, ерегіске кетіп, барымта-сырымтаны тым жиілетіп жіберсе керек. Соңғы қарекет үстінде жаныстың біраз адамдары сойылға жығылып, қолға түсіпті. Бұл хабар жасы ұлғайып қалған Төле биге жетеді. Істі насырға шаптырмай, ел бірлігін сақтап қалуды ойлаған ақылман аға атына мініп, жолға шығады. Соңына ерген бір қауым адамдарымен өзіне тігілген үйге келіп түседі. Исі қазақтың қадірмен қарты жайғасып бола бергенде, жас та болса, өз елінің тізгінін ұстаған Балпық та нөкерлетіп келеді. Бапекеңнің бір ғадеті - мұндай дау-шаралардың бітімі шыққанша атынан түспейді екен. Жанына ергендерді Төле би жатқан ақ боз үйден әудем жерге қалдырып, өзі жалғыз аяңдайды. Жақындай бере: - Әз-Жәнібек, Әз-Тәукенің ақ жолын тұтқан асыл ағам осы үйде ме, қайда? - деп дауыстап қалғанда, Төле би сүріне-қабына тысқа шығыпты. Сәлем ишаратын жасаған Балпық әулие ат үстінде тұрған бойында: -...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 24.05.2019

Аспан тұтқан заңғар тау

Жастары тал тұлғалы, қарттары нар тұлғалы Жетісуымыздың табиғаты, тамаша қырларымен таңқалдыруды қояр емес. Сол табиғат ғажайыбының бірі Көксу ауданы Ақтекше ауылының бүгіні мен өткені аңызға айналған, көркі мен «қазына аралы» Шаған тауы. Сол аты аңызға айналған Шаған тауының географиялық картадағы өлшемі бойынша, таудың биіктігі 3600 метрден асады екен. Ал қазіргі кезде сол биіктіктің шыңында телебаған орнатылған. Сол телебағанның көмегі арқылы тұрғылықты жұрт барлық телеарналардың бағдарламасын тамашалауда. Ел шежіресін тарқатар болсақ, Шаған тауына осыдан бірер ғасыр бұрын сонау Сыр бойынан жоңғар шапқыншылығы кезінде Қабылиса бабамыз ру-тайпаларын, жұртын ертіп осы өлкеге қоныстаған. Қабылиса атаның қыстауының орны Қаратас деген жерде осы уақытқа дейін қоныс орындарының белгілері жатыр. Қаратастың күнгей бетінде, халық жер жәннатын қадірлеп, тасқа салынған бейне – белгілер жұмақ мекенге айналғандай. Табиғат тылсым дүниеге өте шебер. Аспан тұтқан, заңғар Шаған Қ...
Толығырақ... Оқылды: 1024 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 17.05.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

(жалғасы) Деріпсалыұлы Балпық бидің әулиелігі көзінің тірісінде-ақ байқалса керек. Әлденеден тарыққан, зарыққан жандар «Ақсарбастарын» алдарына өңгеріп, Бапекеңнің батасын алатын болаған. Ал кейінгі дәуірде Бапакеңнің басына түнеп, бақтары ашылып кеткен жандар көп болған. Ел ішінде Есекең (Ескелді әулие) айтыпты деген мынадай сөз бар: «маған түнеңдер, Балпықтан тілеңдер». Бапекең көзі тірі кезінде алдына келген адмдардың болашағын болжап, сәуегейлік айтып, олардың алғы өмірлеріне бағыт-бағдар беріп те отырған екен. Ол кісі назаланған адам да, мал да аман қалмаған. Керісінше көңілі түскендері көгеріп, өсіп-өніп, өрби берген. Алланың оған берген осынау айрықша қасиетінің қыр-сыры біз үшін құпия. Бапекеңнің әулиелігін сыйлаушылар ол кісі дүние салғаннан кейін де азаймаған. Тіпті, дін, аруақ,әулие-әмбе десе, «жыны ұстаған» коммунистік партия дәуірінде де, жазықсыз жапа шегіп, жандары қысылған адамдар «ұрланып» болса да, Бапекеңнің басына...
Толығырақ... Оқылды: 480 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 17.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.