РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МҰРА

Солтанбай Жәдігерұлы ХVІІ ғасырдың соңы - ХVІІІ ғасырдың ортасында өмір сүрген. Жалайыр тайпасының мырза руынан. Әулие, көріпкелдік қасиеті болған. Бақтыбай ақынның «Желқобыз» жинағында жоңғар шапқыншылығы кезінде Солтанбай батырдың Жәйнақ батырмен қатар қол бастап, қарсы шайқастарға қатысып, ерлік көрсеткені туралы жазылған. Ақын Сара да Солтанбай батырдың ерліктерін жырға қосқан. Әулие батыр Жарлыөзек өзенінің он жақ бетінде жерленген. 1991 жылы Жарлыөзек өзенінің жағасындағы Солтанбай батырдың басына ұрпақтары ескерткіш орнатып, туғанына 300 жыл толуына байланысты ас берген болатын. Сол ауылдың ақсақалы Әбдіқадыр Байжұмановтың айтуы бойынша, 1900 жылдары Солтанбай батыр жерленген жерде жартылай құлаған үлкен күмбез тұрған. Осы күмбез шамалы үш ғасыр бұрын салынған дейді ақсақал. Ел аузында Солтанбай батыр туралы аңыз әңгімелер аздың қасы. Сонда да, мына бір аңыз - батырдың әлі батырлығы белгілі болмаған жас кезінде, ел-жұрты үшін басын қауіп-қатерге тіккен кезінен сы...
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 03.05.2019

БАБАМЫЗ БАЛПЫҚ ӘУЛИЕ

(жалғасы) Ата аруағын ардақ тұтқан ХХ ғасырдың жас ақыны - Сайлаубай Тойлыбаев: - Жусанымен барады аңқып далам, Қуаныштан мен де бір шалқып қалам. Есіне алды ұрпағың бір өзіңді, Аруағыңнан айналдым Балпық бабам! - деп тебіренеді. Екі ғасырдағы екі ақынның жырларында да халықтың Деріпсалыұлы Балпыққа деген зор сүйіспеншілігі, үлкен махаббаты жатыр. Айтылып келе жатқан аңыздарға қарасақ, зейінді де зерек, қабілеті ерекше Бапекең «заманына қарай амалы» дегенді ескерді ме екен, жоқ әлде, кезмайыс кезеңдердің бірінде мәжбүрліктен үйренді ме екен, әйтеуір, моңғол мен қытай тілдерін жетік біліпті. Халық оның алып, зор тұлғасына қарай, қара қылды қақ жарған әділдігіне, жүректілігіне орай: «Қара Батыр», «Қара би», «Қара Балпық» деп те атапты. Оны бұлай атау, сірә да, оның атан түйені алып ұрарлықтай алапат күштілігіне байланысты болған ба дейміз. Өйткені, қазақтар зәу заманнан күш иелерін «Қара дәу», «Қара нар», &la...
Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 03.05.2019

ЕРЛІКТІҢ АСҚАН ТӨРЕСІ

Мұсабек Сеңгірбаев 1914 жылғы қаңтар айының 26-шы жұлдызында бұрынғы Іле бойындағы Құм жалайыр болысының 14 ауылында, қазіргі Алматы облысы Көксу ауданы Мұсабек ұжымшарының өңірінде дүниеге келген. Мұсабектің әкесі – Сеңгірбай, шешесі – Әдеп мал бағып, шаруасын күйттеп, көшпенділікпен өмір сүреді. Әкесі Сеңгірбай 1919 жылы, шешесі Әдеп 1920 жылы қайтыс болады. Мұсабек пен әпкесі Күнес әке-шешеден осылайша ерте айырылып жетім қалады. 1921 жылы әпкесі Күнес Бексейіт Бәйнешовке тұрмысқа шығады. Мұсабек осы апа-жездесінің тәрбиесінде өседі. 1927 жылы Қызыларық өз алдына колхоз болып ұйымдасады. Мұсабек колхозға мүше болып кіріп, алғашында қара жұмыс істеуге бел буып, еңбекке белсене араласады. 1936 жылы Мұқыры МТС-інен механизатор курсын оқып бітіреді. Ашаршылық басталған жылдары астықты өңірдегі ағайындарға қарай қоныс аударады. Еңбекқор, талапшыл бала техника тілін де тез меңгеріп алады. Сол кездегі «Қызыларық», «Қаражырық», «Бұрған», &laq...
Толығырақ... Оқылды: 380 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 19.04.2019

ЖҰЛДЫЗДЫ ЖЫРАУ, ҚАРЫМДЫ ҚАЙРАТКЕР

Ұстазы Сүйінбайдың Қабан жырау» Кенен Әзірбаев Байыпты саралап қарар болсақ, арғы тегіміз, түп-тұқиянымыздың тарихы бай да базарлы. Қазіргі идеологиялық қолшоқпарға айналмайтын мамандардың пікіріне қонақ берсек, арғы тарихымыз тіпті қырық-алпыс мыңжылдықтардың қойнауына кетеді. Адамзаттық алғашқы өркениеттің алтын бесігінде тұрғандығымызды мақтан тұтамыз. Тұңғыш президентіміз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың сүбелі тарихында қазақ ұялатын ешнәрсе жоқтығын әркез қадап айтып келеді. Шүкір дейміз, әсіресе Азаттық алғалы бергі уақытта өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күйге бөлендік. Алты алаштың небір ардақтыларының қатарында Қабан жырау, батырдың да есімі одан әрі жаңғырды. Ұрпақтың жадына бұрынғыдан да ұялай түсті, жүректерде жатталды. Қабан (Қабылиса) жырау қазақ халқы әдебиетінің ірі өкілі, жұлдызды жырауы, батыры ғана емес, іргелі қоғам және мемлекет қайраткері. Өзінің терең қатпарлы жалынды жыры, қара орман жұртшылықты сүттей ұйытар салмақты ойы, ұшқыр...
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 12.04.2019

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны – осының дәлелі. Тәуелсіздігімізге жету үшін ата- бабаларымыз халықтың басына сұрапыл күн туып «ат ауыздықпен су ішіп», «азамат етегімен су кешкен» кезеңде тоз-тоз болған елдің етек-жеңін жиып, басын құрып, халық мүддесін қорғаған қаһармандар да табылды. Олардың басты арманы халықтың бостандығы, азаттығы еді. Ел-жұрт бірлігін ойлап, жалпыға тіреу болған билер мен қол бастаған батырларымыз қаншама. Мұнан 20 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі.Арманы асқан еліміздің ұлы кө...
Толығырақ... Оқылды: 621 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.04.2019

ТӨСЕЛІП ТӨР АЛДЫНДА ҚҰРАҚ КӨРПЕ

«Шебердің қолы алтын», – дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтардың бірі – қолөнер. Асыл тастан сән бұйымын соққан, жүннен көздің жауын алатын тоқыма жасап, сүйек пен мүйізді қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұрарлық өнер туындысы. Қазақ он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. Сондай қолы шебер әжелердің бірі – Сарқан ауданына қарасты Бақалыауылының тұрғыныҚабида Ілиясқызы. Тігін дегеніміз – тұнып тұрған математика. Себебі, дәлдік, есеп, теңдік керек. Тігіншілік өнер бойға шабыт беріп, көңілге шаттық ұялатады. Адамды іскерлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Зеректік пен ептілікке тәрбиелейді. Сан алуан түсті маталарды қиюластырып, қиықтарды үйлестіріп, құрақ көрпе жасап, тысын тігетін ісмер апа-әжелер қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық. Кейіпкеріміздің ине-жіппен достығы 15 жасында басталыпты. Әуелі үйдегі жыртылған киім-кешекті жамап, уақыт өте төсек-көр...
Толығырақ... Оқылды: 762 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 04.04.2019

Рухани жаңғыру және діни сана

Дін – рухани мәдениеттің қайнар көзі. Сондықтан рухани жаңғыру, ұлттық бірегейлік, дін және дәстүр сабақтастығы мәселелерінің дін саласы үшін маңызы қашанда жоғары. Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар екені анық. Тарихымыздың тағылымына назар салсақ, бір шындыққа көзіміз жетеді. Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кеткен. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Ұлттың рухын жаңғыртудың сара жолы сол құндылықтарды ғұмырлы етуден басталмақ. Бүгінде ақпараттық техника мен технология шапшаң дамып, жаңа жетістіктердің нәтижесінде мемлекеттік шекаралармен ғана шектелмей ғаламдық деңгейде жүріп жатқан жаһандану үрдісі өзіндік и...
Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.03.2019

«ЛАБАСЫДАҒЫ» АЛАМАН – БӘЙГЕ

Ағымдағы жылдың 22-ші наурыз күні Наурыз мерекесіне орай кең сахара таза ауада Лабасы ауылдық округінің Еңбекшіқазақ,Талапты, Жамбыл және Мәмбет ауылының халқы бас қосқан, дүбірлі мерекелік шара өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі Әділ Алмас Қабдұлұлы арнайы ат басын бұрып, лабасылықтар мен қонақтарды көктем мерекесі, береке мен бірліктің мерекесімен құттықтап, ақ жарды тілегін білдіре отырып, ұлттық ойындарға, бәйгеге қатысушыларға ақ жол тіледі. Сондай-ақ округ әкімі, төрт ауылдың ақсақалдары сөйлеп, ақ баталарын берді. Тау бөктерінде тігілген қазақ үй ішіне мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Жұртшылық арасында мерекелік көңіл-күй тудырып, ұлық мерекені ұлттық нақышта өткізуге арналған шаралар қазақ халқының көп тараған ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Бір жерде епті де білекті, иықты да жүректі жігіттер қошқар көтеріп жатса, енді бір жерде арқан тартып, балуандар белдесіп бақ сынасты. Облысымыздың түкпір-түкпірінен бәйгеге сәйгүлектерін сайлап 10 мыңға жуық xалық ке...
Толығырақ... Оқылды: 497 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.03.2019

Қара қылды қақ жарып, топ ішінде топ жарған

Шежіреден таза тарихымызды, аңыздан ақиқатымызды айырып, барша бастан кешкендерімізді айқындап, жоғалтқандарымызды іздеп, асыл мұраларымызды түгендей бастаған елміз. Шүкір, егемен ел болып, тәуелсіздік туын көтергелі бері тарихқа, сол тарихтың алтын тіні, темірқазығы саналатын ардақты да асыл ата-бабаларымыздың ерен істеріне жаңа көзқараспен қарай бастадық. Бүгінгі жас ұрпақ Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Албан Райымбек, Жалайыр Орақты батырлардай, Ескелді, Балпықтай есті билердің есімін жаттап өсіп келеді. Көксу өңірі қашанда даналар мен таланттарға, билер мен батырларға кенде болып көрген емес. Сондай данагөй даралардың бірі- Балпық би әулие. Осыдан 325 жылдай уақыт бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді би, Қабылиса (Қабан) ақынмен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүниеге келіп, Қаратал, Көксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек. Балпық он екі ата...
Толығырақ... Оқылды: 522 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 28.03.2019

САЛТ-ДӘСТҮР – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүр. Мәселен, айдар тағу, қонақ кәде, бастаңғы және тағы да басқасы. Бірақ, ұмыт қалып бара жатқан, әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес. Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс. Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыс...
Толығырақ... Оқылды: 839 Санат: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Уақыты: 20.03.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.